Магистратураға тест тапсырғандардың 50 пайызы ғана шекті балл жинаған

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принимать выпускников
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Жазылу
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындысы шығарылды
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. 2025 жылы магистратураға түсу үшін 49 мыңға жуық адам тест тапсырды. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша талапкерлердің 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Ғылыми- педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 77 балл, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды. Ең жоғары балл – 139.
"Кешенді тестілеу барысында 130 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 79 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 35 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Тестілеуге кіргізу барысында 1 бөгде адамның тестілеуге кіру әрекеті анықталды. 15 адамның нәтижесі тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде жойылды.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.
Грант конкурсына құжат 12-18 тамыз аралығында қабылданды, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
жеке куәліктің көшірмесі,
жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
КТ сертификаты және шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда).
075/у нысанындағы медициналық анықтаманы жоғары оқу орнына түскенде тапсырады.
Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.
 Студенты Назарбаев Университета - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2025
2025 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Жаңалықтар
0