ЕАЭО-да ортақ биржа нарығы болады – ол қаншалықты пайдалы

© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Жазылу
Жоба 2030 жылға қарай іске қосылады деп жоспарланып отыр
АЛМАТЫ, 11 тамыз - Sputnik. ЕАЭО-да ортақ биржа нарығы болады. Бұл туралы Қырғызстанның Экономика және коммерция министрлігі ЕАЭО-ны үйлестіру басқармасының басшысы Елімбек Қаныбекұлы брифингте айтты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Қаныбекұлының айтуынша, бұл мәселе Шолпан атада өтетін ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінде талқыланады. Жоба 2030 жылға қарай іске қосылады деп жоспарланып отыр.
"Бұл алаң кәдімгі дүкен секілді жұмыс істейді, тек мұнда тауарлар тұтынушыларға емес, кәсіпорындарға, зауыттарға, фермерлерге және сауда компанияларына ашық, мөлдір ережелер бойынша көтерме бағамен сатылып, сатып алынады", - деп түсіндірді спикер.
Мәселен, қырғыз шаруасы 10 тонна бидай өсірсе, ресейлік ұн зауыты оны тікелей қолжетімді бағамен сатып алғысы келеді. Бір-бірін делдалдар арқылы іздеудің орнына биржаға шығады. Сатушы ұсыныс жасайды, ұн комбинаты сатып алу туралы өтініш жасайды және баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде автоматты түрде белгіленеді. Биржа мәміленің орындалуына кепілдік береді, ақша мен тауарлар тараптарға қауіпсіз беріледі.
"Ортақ биржада ЕАЭО-ның барлық елі үшін бірдей ереже, ашық баға енгізіледі. Өйткені қырғыз фермері мен ресейлік сатып алушының сауданы қалай жүргізіп жатқанын барлығы көріп отырады. Сұр схемалар аз болады, өйткені сауда ресми түрде тіркеледі", - деп түсіндірді Қаныбекұлы.
Қазір нормативтік база, осы алаң аясында сауда-саттық жүргізілетін тауарлардың тізбесі құрылып жатыр.
Жаңалықтар
0