Ақтөбеде пойыз бастығын өлтіріп кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинЖелезнодорожный вокзал Алматы возобновил работу после снятия блокпостов
Железнодорожный вокзал Алматы возобновил работу после снятия блокпостов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Жазылу
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде пойыз бастығын вокзалдың маңында өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қылмыстық оқиға 7 тамызға қараған түні болған. Ақпаратты Қазақстан темір жолының баспасөз қызметі растады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
"Ақтөбе қаласында адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Полиция әлеуметтік желі мен БАҚ-та жарияланған кейбір ақпаратты жоққа шығарды.
"БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жанжалға "қылмыстық ортада бедел көтеру" себеп болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, оқиғаға күдікті мен жәбірленушінің мас күйде жанжалдасуы түрткі болған", - дейді ведомство.
Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды. Жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.
Жаңалықтар
0