https://sputnik.kz/20250811/osakadagy-ekspo-2025-duniezhuzilik-kormesinde-qazaqstan-kuni-otti-56294540.html
Осакадағы ЭКСПО-2025 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан күні өтті
Осакадағы ЭКСПО-2025 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан күні өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан күні өтті, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі. 11.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-11T11:48+0500
2025-08-11T11:48+0500
2025-08-11T11:48+0500
көрме
экспо
қазақстан
жапония
https://sputnik.kz/img/07e9/08/0b/56291675_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_24987e6cc86e575776287faa841ddf8b.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан күні өтті, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.Қазақстандық делегацияны бастап барған министр Арман Шаққалиев Жапония үкіметіне, көрменің ұйымдастыру комитетіне жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс айтты.Оның айтуынша, 1991 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері біздің елдеріміз арасында сауда, инвестиция, ғылым, білім, экология және технология салаларында тұрақты әріптестік дамып келеді.Қазақстанның Ұлттық күнін мерекелеуге келген қонақтарға қазақстандық төрт дүркін әлем рекордшысы Сергей Цырульников, ұлттық киімдегі әртістер мен батырлар ауқымды шеру ұйымдастырды.EXPO Hall Shining hat сахнасында өткен қазақстандық өнер шеберлерінің кешкі концерті ерекше әсерге бөледі.Іс-шараның ауқымды мерекелік бағдарламасы ЭКСПО-ға 3 мыңға жуық көрермен жинады. Көрме аумағында Астана қаласы мен Ұлытау облысының стендтері ұсынылды.Естеріңізге сала кетейік, биыл Жапонияның Осака қаласында Дүниежүзілік EXPO 2025 көрмесі басталды.Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ауқымды іс-шараға 160 ел мен 9 халықаралық ұйым қатысуда, 28 млн-нан астам адам келеді деп болжануда. Көрме 13 қазанға дейін жалғасады.
қазақстан
жапония
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/0b/56291675_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_dad6d528840f03e5b92dcfb77d4ce541.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көрме, экспо, қазақстан, жапония
көрме, экспо, қазақстан, жапония
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан күні өтті, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.
Қазақстандық делегацияны бастап барған министр Арман Шаққалиев Жапония үкіметіне, көрменің ұйымдастыру комитетіне жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс айтты.
"Бүгінгі шара қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылған. Мұның символдық мәні бар, өйткені біздің елдер географиялық тұрғыдан қашық орналасқанымен руханы жақын. Бізді салт-дәстүр мен аға буынға деген құрмет, білім мен еңбекке жоғары мән беру секілді қасиеттер біріктіреді", - деді Шаққалиев.
Оның айтуынша, 1991 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері біздің елдеріміз арасында сауда, инвестиция, ғылым, білім, экология және технология салаларында тұрақты әріптестік дамып келеді.
Қазақстанның Ұлттық күнін мерекелеуге келген қонақтарға қазақстандық төрт дүркін әлем рекордшысы Сергей Цырульников, ұлттық киімдегі әртістер мен батырлар ауқымды шеру ұйымдастырды.

EXPO Hall Shining hat сахнасында өткен қазақстандық өнер шеберлерінің кешкі концерті ерекше әсерге бөледі.
Іс-шараның ауқымды мерекелік бағдарламасы ЭКСПО-ға 3 мыңға жуық көрермен жинады. Көрме аумағында Астана қаласы мен Ұлытау облысының стендтері ұсынылды.
"Қазақстандық павильон келушілер арасында өте танымал. Оған келген қонақтар саны 900 мыңға жетті", - деп еске салды министрлік.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Жапонияның Осака қаласында Дүниежүзілік EXPO 2025 көрмесі басталды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ауқымды іс-шараға 160 ел мен 9 халықаралық ұйым қатысуда, 28 млн-нан астам адам келеді деп болжануда. Көрме 13 қазанға дейін жалғасады.