https://sputnik.kz/20250811/euraziyalyq-bestik-elderi-agrarlyq-salany-memlekettik-qoldau-boyynsha-tazhiribe-almasty-56290688.html
"Еуразиялық бестік" елдері аграрлық саланы мемлекеттік қолдау бойынша тәжірибе алмасты
"Еуразиялық бестік" елдері аграрлық саланы мемлекеттік қолдау бойынша тәжірибе алмасты
Sputnik Қазақстан
ЕАЭО елдерінің аграрлық ведомстволарының өкілдері теорияны талқылап қана қоймай, қолдау шараларының тиімділігіне тәжірибеде көз жеткізді 11.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-11T13:48+0500
2025-08-11T13:48+0500
2025-08-11T13:48+0500
еаэо
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/16/37847052_0:64:1280:784_1920x0_80_0_0_feebe3dd6a03589282a7df7620ae0700.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау құралдарын қалай әзірлеп жатқаны Мәскеуде өткен арнайы дөңгелек үстелде талқыланды.Еуразиялық экономикалық комиссия талқылауда, атап айтқанда, жеңілдетілген кредиттеу және аграрлық лизинг тетіктері, шағын және орта бизнесті қолдау, бюджеттік трансферттерді тиімді пайдалану мәселелеріне баса назар аударылғанын атап өтті.Кездесуден кейін дөңгелек үстелге қатысушылар "М2 Шульгино" органикалық фермерлік шаруашылығын аралап көрді, оларға мемлекеттік қолдау шараларының іс жүзінде қолданылуы көрсетілді.
https://sputnik.kz/20250802/auyl-sharuashylygy-tekhnikasy-zhenildetilgen-lizingke-berile-bastaydy-56074645.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/16/37847052_76:0:1205:847_1920x0_80_0_0_2308bc62712feef979083527a0efdfd9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, ауыл шаруашылығы
"Еуразиялық бестік" елдері аграрлық саланы мемлекеттік қолдау бойынша тәжірибе алмасты
ЕАЭО елдерінің аграрлық ведомстволарының өкілдері теорияны талқылап қана қоймай, қолдау шараларының тиімділігіне тәжірибеде көз жеткізді
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау құралдарын қалай әзірлеп жатқаны Мәскеуде өткен арнайы дөңгелек үстелде талқыланды.
Еуразиялық экономикалық комиссия талқылауда, атап айтқанда, жеңілдетілген кредиттеу және аграрлық лизинг тетіктері, шағын және орта бизнесті қолдау, бюджеттік трансферттерді тиімді пайдалану мәселелеріне баса назар аударылғанын атап өтті.
"Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау – бұл жай ғана қаржылық көмек құралы емес, тұрақты, бәсекеге қабілетті және технологиялық тұрғыдан дамыған саланы қалыптастырудың стратегиялық тетігі", - деп атап өтті ЕЭК Агроөнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Наира Карапетян.
Кездесуден кейін дөңгелек үстелге қатысушылар "М2 Шульгино" органикалық фермерлік шаруашылығын аралап көрді, оларға мемлекеттік қолдау шараларының іс жүзінде қолданылуы көрсетілді.