Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташта" не себепті сәтсіздікке ұшырағанын түсіндірді

© Sputnik / Владислав Воднев Казахстанский футболист Бактиер Зайнутдинов
 Казахстанский футболист  Бактиер Зайнутдинов - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2025
Жазылу
Футболшы жарақатынан енді-енді айығып жатқанын атап өтті
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. "Динамо" футбол командасына жаңадан қосылған Бактиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапындағы ойыны туралы пікір білдірді. Футболшы түрік клубында 2023 жылдың жазынан бері ойнап келді, деп хабарлады Championat.com.
"Еуропадағы алғашқы жылым жаман болмады, 30 матчта ойнадым. Кейін жарақат алып қалып, жарты жыл өткіздім. Енді-енді қалыпқа келіп жатырмын. Маусымның алғашқы жартысы жақсы өтті, екінші жартысы жарақатыма байланысты сәтсіз болды", - деді Зайнутдинов.
Еске сала кетейік, Зайнутдинов Түркияға ЦСКА-дан ауысып барған болатын. Өткен маусымда ол барлық турнирде 12 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. 2025 жылдың 28 шілдесінде Бактиер "Динамо" ойыншысы атанды.
Казахстанский футболист Сергей Малый - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Спорт
Гол салмайтын футболшыларға миллиардтарды шашуды тоқтату керек – депутат
Жаңалықтар
0