Стадионда дөнер жеген адамдар уланып қалды – тергеу басталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуДонер
Донер - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында стадионда дөнер жеген төрт адам уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Петропавлдың инфекциялық ауруханасына үш бала мен бір ер адам жеткізілді. Барлығы Булаев қаласындағы стадион аумағында орналасқан сауда орнынан дөнер алып жеген.
Қазіргі кезде жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тамақтан улану фактісі бойынша тергеу шараларын бастады.

"Эпидемиологиялық тергеуге қажетті барлық қажетті сынама алынды. Жақын арада нәтижесі дайын болады", - дейді санитар дәрігерлер.

Ауруханаға түскен төрт адамның да жағдайы жақсарып келеді.
Айта кетері, былтыр Солтүстік Қазақстан облысында бір отбасы тұшпарадан уланды. Салдарынан екі кішкентай бала көз жұмды.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2024
Солтүстік Қазақстанда екі бала тұшпарадан уланып қайтыс болды – үш адам ауруханаға түсті
Жаңалықтар
0