https://sputnik.kz/20250809/ulttyq-kitapkhanada-abay-qunanbaevtyn-qolzhazbalary-men-sirek-kezdesetin-kitaptary-qoyyldy-56265080.html
Ұлттық кітапханада Абай Құнанбаевтың қолжазбалары мен сирек кездесетін кітаптары қойылды
Ұлттық кітапханада Абай Құнанбаевтың қолжазбалары мен сирек кездесетін кітаптары қойылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. ҚР Ұлттық кітапханасында ұлы ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Адамзаттың Абайы"... 09.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-09T09:00+0500
2025-08-09T09:00+0500
2025-08-09T09:40+0500
абай құнанбайұлы
https://sputnik.kz/img/07e9/08/09/56265387_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_761723162ec75b074057ecebc2a0e2c2.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. ҚР Ұлттық кітапханасында ұлы ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Адамзаттың Абайы" атты мәдени іс-шаралар өтті.Іс-шара аясында Абайдың сирек кездесетін басылымдары мен музыкалық мұраларына арналған көрме ұсынылды.Барлығы 30-дан аса сирек кітаптар мен қолжазбалардың ішінде 10-нан аса түпнұсқа еңбек бар. Экспозицияның ең құнды жәдігерлерінің бірі – 1909 жылы Санкт-Петербургте Ильяс Бораганский баспаханасынан жарық көрген алғашқы жинағы. Жинақты құрап, баспаға дайындаған - Абайдың немере інісі Кәкітай Ысқақұлы мен ұлы Тұрағұл. Араб қарпімен терілген бұл басылым мың данамен шыққан. Бүгінде оның төртеуі ғана бар. Соның бірі Ұлттық кітапхана қорында сақталған.Сондай-ақ "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапхананың қорынан Абайдың ерте жарық көрген басылымдары, көркем шығармалары мен музыкалық мұрасын қамтитын материалдар қойылған. Атап айтсақ, 1905 жылы қазақ тілінде, араб әріпімен жазылған Абайдың қолжазбасы және Абайдың әдеби хатшысы Мурсеит Бикеұлының қазақ тілінде, арап әріпімен жазылған "Абайдың шығармалары" атты қолжазбасы бар.Аталған мерекелік іс-шара барысында "Абай әлем тілдерінде" атты әдеби-сазды кеш, "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" жыр кеші, "Абай 14" кітап клубының ашылу салтанаты, "Абайдың соңғы күндері" деректі фильмінің көрсетілімі, "Абайтануға жаңаша көзқарас" жас абайтанушы ғалымдармен кездесу және "Абай бол LIKE" интеллектуалды викторинасы ұйымдастырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/09/56265387_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_682367f1e0bfeec2722d48245ae84db8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай құнанбайұлы
Ұлттық кітапханада Абай Құнанбаевтың қолжазбалары мен сирек кездесетін кітаптары қойылды
09:00 09.08.2025 (жаңартылды: 09:40 09.08.2025) АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. ҚР Ұлттық кітапханасында ұлы ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Адамзаттың Абайы" атты мәдени іс-шаралар өтті.
Іс-шара аясында Абайдың сирек кездесетін басылымдары мен музыкалық мұраларына арналған көрме ұсынылды.
Барлығы 30-дан аса сирек кітаптар мен қолжазбалардың ішінде 10-нан аса түпнұсқа еңбек бар. Экспозицияның ең құнды жәдігерлерінің бірі – 1909 жылы Санкт-Петербургте Ильяс Бораганский баспаханасынан жарық көрген алғашқы жинағы. Жинақты құрап, баспаға дайындаған - Абайдың немере інісі Кәкітай Ысқақұлы мен ұлы Тұрағұл. Араб қарпімен терілген бұл басылым мың данамен шыққан. Бүгінде оның төртеуі ғана бар. Соның бірі Ұлттық кітапхана қорында сақталған.
Сондай-ақ "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапхананың қорынан Абайдың ерте жарық көрген басылымдары, көркем шығармалары мен музыкалық мұрасын қамтитын материалдар қойылған. Атап айтсақ, 1905 жылы қазақ тілінде, араб әріпімен жазылған Абайдың қолжазбасы және Абайдың әдеби хатшысы Мурсеит Бикеұлының қазақ тілінде, арап әріпімен жазылған "Абайдың шығармалары" атты қолжазбасы бар.
Аталған мерекелік іс-шара барысында "Абай әлем тілдерінде" атты әдеби-сазды кеш, "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" жыр кеші, "Абай 14" кітап клубының ашылу салтанаты, "Абайдың соңғы күндері" деректі фильмінің көрсетілімі, "Абайтануға жаңаша көзқарас" жас абайтанушы ғалымдармен кездесу және "Абай бол LIKE" интеллектуалды викторинасы ұйымдастырылды.