Премьер-министр "Росатом" басшысымен кездесті

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Олжас Бектенов провел встречу с гендиректором "Росатома" Алексеем Лихачёвым
Олжас Бектенов провел встречу с гендиректором Росатома Алексеем Лихачёвым  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов "Росатом" корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвпен кездесті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Лихачёв үкімет басшысына алғашқы атом электр стансасы құрылысының басталғаны жайында баяндап берді. Кездесу барысында тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамту тетіктері, отандық құрал-жабдықтар мен материалдарды пайдалану, сондай-ақ кадрлық әлеуетті тарту мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
"Ядролық-отын циклі процестерін локализациялау мәселелері де көтерілді. Сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік әріптестерді біріктіретін халықаралық консорциум қалыптастырудың тәжірибелік тұстары қарастырылды", - делінген ресми хабарламада.
Ресей тарапы АЭС құрылысы аясында кооперацияның қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан және басқа елдердің жеткізушілерімен ынтымақтасуға дайын. Ал Бектенов атом электр стансасының құрылысы президенттің жеке бақылауында екенін ерекше атап өтті. Үкімет өз тарапынан жобаны жүзеге асыруға қажетті көмек көрсетеді.
Айта кетері, күні кеше АЭС салынатын жерді бұрғылау барысында алынған топырақ капсулаға салынып, зерттеу жүргізу үшін салтанатты түрде Ресей тарапына тапсырылады. Сол кезде станцияның макеті де көрсетілді.
Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысы басталады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2025
Қазақстандағы алғашқы АЭС қандай болады - "Росатом" макетін көрсетті
Жаңалықтар
0