Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ пен Ресей басшыларының кездесу туралы келісімін құптаймыз - Үндістан СІМ

© AP Photo / Pablo Martinez MonsivaisДональд Трамп пен Владимир Путин
Дональд Трамп пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2025
Жазылу
Кремль мен Ақ үй бұған дейін Владимир Путин мен Дональд Трамптың 15 тамызда Аляскада кездесетінін хабарлаған болатын
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Үндістан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Рандхир Джайсвал АҚШ пен Ресей басшыларының алдағы кездесуі туралы айтты, деп хабарлады РИА Новости.
СІМ өкілі Украинадағы қақтығысты тоқтатуы ықтимал Аляскада Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі туралы келісімін Үндістан толығымен құптайтынын жеткізді.
"Үндістан АҚШ пен Ресей Федерациясының 2025 жылдың 15 тамызында Аляскада кездесу өткізу туралы келісімін құптайды. Бұл кездесу Украинадағы жалғасып жатқан қақтығысты тоқтатуға және бейбітшілік перспективаларын ашуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Кремль мен Ақ үй бұған дейін Владимир Путин мен Дональд Трамптың 15 тамызда Аляскада кездесетінін хабарлаған болатын.
РФ басшысының көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Ресей мен АҚШ жақын көрші, ал "ресейлік делегацияға Аляскаға жету үшін Беринг бұғазынан ұшып өту ғана керек".
Беседа с Президентом США Дональдом Трампом - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин мен Трамптың қашан кездесетіні белгілі болды
Жаңалықтар
0