Қазақстанда тұңғыш АЭС құрылысы бойынша жұмыс басталды
13:21 08.08.2025 (жаңартылды: 15:37 08.08.2025)

© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
Тұңғыш атом электр станциясына шамамен 14-15 млрд доллар қаражат жұмсалады
АСТАНА, 8 шілде - Sputnik. Қазақстанда тұңғыш рет атом электр станциясы салынады. Бүгін тарихи нысанның капсуласы қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тарихи сәт. Қазақстанда тұңғыш атом электр станциясының капсуласы қойылды.
70% қазақстандық дауыс беріп, 97% Үлкен ауылының тұрғындары қолдау көрсеткен тұңғыш атом электр станциясына шамамен 14-15 млрд доллар қаражат жұмсалады. Қосымша 1 млрд доллар әлеуметтік жобаларға бағытталады.
"Мыңдаған жұмыс орны ашылады, ядролық ғылымды жаһандық стандарттарға лайық дамытуға мүмкіндік береді. Ғылым, білім инженерлік сала дамиды", - дейді атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Қазақстанда тұңғыш рет атом электр станциясы салынады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев Қазақстанның бұл істе көрсеткен мұқияттылығын жоғары бағалады. Ол барлық қазақстандыққа алғыс білдірді.
"Бүгінгі күн - тарихи күн. Тәжірибемізде бар жұмысты жүзеге асырамыз. Әрине, сөзімді алғыстан бастағым келеді. Өте сауатты қабылданған шешім болды. Әсіресе Үлкен ауылының тұрғындарына рахмет. Сенімді бірнеше ондаған жыл ақтаймыз деген үміттеміз", - дейді ол.
Лихачев әлем бойынша уранның 40%-і Қазақстанда өндірілетінін еске салды.

Қазақстанда тұңғыш рет атом электр станциясы салынады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Қазақстанда ең бірінші атом реакторы салынды. Бұл таза су, энергия, әлеуметтік жағдай сынды үш мәселені шешті. Үлкен ауылын да сондай жетістік күтіп тұр. Біз шын мәнінде атом технологиясында бестселлердің құрылысын бастамақпыз. Мұндай жобаны Ресей жерінде де жасағанбыз", - дейді "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры.
"Росатомның" жобасын дамыған бірнеше мемлекет қолданып жатыр, дейді консорциум өкілі.
"Бұл үшін бірнеше кезеңнен өтуіміз керек: жеткізу, қауіпсіздік, сапа. Біз қазақстандық өнім өндірушілерді бұл жобаға тартамыз. Қазақстан атом энергетикасы жөнінен тәжірибесі бар мемлекет. Ядролық физика институты, академияның өзара әріптестігінің арқасында жасалған жұмыстар оған дәлел", - дейді Лихачев.

Қазақстанда тұңғыш рет атом электр станциясы салынады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Ол екі елдің жоғарғы оқу орындарында қажетті мамандар даярланып жатқанын айтты.
Еске сала кетейік, 14 маусымда Атом энергиясы жөніндегі агенттік халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздегі алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салуға арналған консорциум көшбасшысын айқындау жұмысын аяқтады. АЭС салу бойынша ең оңтайлы әрі тиімді ұсыныстар ресейлік "Росатом" компаниясынан келгені анықталды.
"Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев Петербург халықаралық экономикалық форумында Қазақстан мен Өзбекстанда әлемдегі ең үздік АЭС салынатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл атом электр станциялары өздерінде салынған АЭС-тен де мықты болуы мүмкін.
