Ақшолақов отандық бизнестің ұлттық рейтингін іске қосуды ұсынды

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял председателя Ассоциации инвесторов Казахстана Болата Акчулакова
Касым-Жомарт Токаев принял председателя Ассоциации инвесторов Казахстана Болата Акчулакова - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2025
Жазылу
Мемлекет басшысы бұл бастаманы қолдады
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке Инвесторлар қауымдастығы қызметінің басым бағыттары мен негізгі бастамалары таныстырылды. Бұл ұйым мемлекет басшысының ақпан айындағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасына сай құрылған болатын.
Қауымдастықтың мемлекет пен инвесторлар арасындағы дәнекерлік рөлін көрсететін ауқымды күн тәртібі талқыланды.
"Ең алдымен шешілуге тиіс міндеттер ретінде экономиканы ырықтандыруға, мемлекеттің бизнеске араласуын азайтуға, мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге баса мән берілді", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, салық жүйесін жаңғырту, монополияға қарсы саясатты жетілдіру, жекешелендірудің тиімділігін арттыру және мемлекеттік сатып алуды реформалау мәселелері қозғалды.
Болат Ақшолақов отандық бизнестің ұлттық рейтингін іске қосу жөніндегі ұсынысын жеткізді.
Мемлекет басшысы бұл бастамаларды қолдап, инвестициялық климатты жақсарту және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету тұрғысынан оларды жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0