Маңғыстау облысында ЕАЭО өткізу пункттері жаңғыртылып жатыр

© Photo : Пресс-служба ДГД Мангистауской области"Тәжен" шекаралық өткізу пункті
Тәжен шекаралық өткізу пункті - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2025
Жазылу
Қажетті жұмыстарды ұйымдастыру кезінде анықталған кемшіліктерге байланысты "Тәжен" және "Темір баба" кеден бекеттерінің басшылары тәртіптік жауапқа тартылады
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысындағы "Тәжен" және "Темір баба" шекаралық өткізу пункттерін Қаржы министрлігінің басшылығы тексеріп қайтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Темір баба" өткізу пункті – Қазақстанның Түрікменстан Республикасымен шекарасында орналасқан жалғыз автомобиль өткізу пункті болып саналады. Оның географиялық орналасуы шетелдік тасымалдаушыларға Түрікменстан арқылы Түркияға, Пәкістанға, Ауғанстанға, БАӘ-ге және басқа да елдерге шығуға жол ашып отыр.
"Еуропадан аталған елдерге жөнелтілетін барлық тауар мен азық-түлік "Темір Баба" (іргелес пункт – "Гарабогаз") арқылы өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан басқа еліміздің аумағына Түркиядан халық көп тұтынатын түрлі тауар мен мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жабдықтар импортталады. Түрікменстан мен Пәкістаннан Маңғыстау өңіріне ішкі нарыққа арналған көкөністер мен жемістер жеткізіледі.
"Тәжен" өткізу пункті Қазақстан-Өзбекстан шекарасында, атап айтқанда еліміздің батысында жатыр. Бұл жер Орталық Азияны Ресеймен және Еуропамен байланыстыратын өңірдегі жалғыз автомобиль өткізу пункті болып есептеледі.
"Тәжен" арқылы негізінен Ресейге және үшінші елдерге (соның ішінде Еуропаға) транзиттік жүктер (90%) өткізіліп келеді, сондай-ақ осы аумақ арқылы Өзбекстаннан Ресейге еңбек мигранттары қатынап жүр", - деп толықтырды министрлік мамандары.
Аталған нысанда құрылыс және техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр: қозғалыс жолақтары кеңейтіліп, заманауи инспекциялық-тексеру кешендері, автоматты салмақ қондырғылары және цифрлы бақылау жүйелер орнатылып келеді.
"Бұл жобалардың іске асырылуын бақылау тиісті жұмыстар толық аяқталғанға дейін тұрақты түрде жүргізілетін болады", - деді Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ернар Ержанов.
Көшпелі кеңестің қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарын жеделдетуге және кеден пункттерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Мердігер ұйымдарға жаңғырту жұмыстарын қарқындату үшін нысандағы қызметкерлер мен техника санын қысқа мерзімде ұлғайту жүктелді. Мемлекеттік кірістер комитетіне қажетті жұмыстарды ұйымдастыру кезінде анықталған кемшіліктерге байланысты "Тәжен" және "Темір баба" кеден бекеттерінің басшыларын тәртіптік жауапқа тартуды қарау тапсырылды.
Жаңалықтар
0