Астана тұрғындары 13 жыл күткен пәтеріне кірді

© Sputnik / Абзал КалиевКлючи, иллюстративное фото
Ключи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2025
Жазылу
2024 жылы тұрғын үй кешенінің бірінші кезеңі пайдалануға берілген еді
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Астанада құрылысы ұзаққа созылған тағы бір тұрғын үй кешені аяқталды. 200-ге жуық отбасы "Триумф Сити" тұрғын үй кешенінен пәтер кілтін алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа қоныстанушылар қатарында "Триумф Сити" тұрғын үй кешенінің үлескерлері ғана емес, сондай-ақ басқа да проблемалы нысандардың қатысушылары бар. Олар – "Араби 2", "Гранитный 2", "Future Home" кешенінің 7-блогы мен "Жаңа Мұнар" ТК-нің үлескерлері.
"Триумф Сити" тұрғын үй кешенінің құрылысы салуды 2013 жылы басталған. 2015 жылы құрылыс толық тоқтап, нысан сол қалпында қалды.
"Бұл тұрғын үй кешені ауыр жолдан өтті. 2019 жылы ол ресми түрде проблемалы нысан ретінде танылып, ұзаққа созылған құрылысты аяқтауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаға енгізілді. Мемлекеттік органдардың, мердігер ұйымдар мен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үйлесімді жұмысының арқасында 2 және 3-кезектегі құрылыс аяқталып, үйлер пайдалануға берілді", – деп атап өтті Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов.
Осыған дейін, 2024 жылы кешеннің бірінші кезеңі пайдалануға беріліп, шамамен 150 отбасы пәтерлі болған еді. Жалпы алғанда кешенде 340-тан астам үлескер тіркелген.
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2024
Баспана сатып аларда нені ескеру қажет: елордалықтарға арналған кеңес
Жаңалықтар
0