https://sputnik.kz/20250806/shygys-qazaqstanda-traktor-transheyaga-tusip-ketti-zhumysshy-mert-boldy-56205469.html
Шығыс Қазақстанда трактор траншеяға түсіп кетіп, жұмысшы мерт болды
Шығыс Қазақстанда трактор траншеяға түсіп кетіп, жұмысшы мерт болды
Sputnik Қазақстан
1980 жылы туған марқұмның артында бес баласы қалды 06.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-06T13:32+0500
2025-08-06T13:32+0500
2025-08-06T13:38+0500
шығыс қазақстан
жұмысшы
https://sputnik.kz/img/07e9/08/06/56204989_0:438:720:843_1920x0_80_0_0_159881349b391feb9b0b2aafd000a615.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында қайғылы жағдай болып, жұмысшы көз жұмды.Қайғылы оқиға бүгін таңертең Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында болған. Құрылыс жұмыстары кезінде трактор траншеяға аударылып, соның салдарынан жүргізуші қаза тапты. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1980 жылы туған марқұмның артында бес баласы қалды.Оқиға орнына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы және Ұлан ауданының әкімі жедел жеткен.Өңір басшысы су құбыры желілерін салып жатқан "ТМ Тепломир" ЖШС-нің қызметіне қатысты жан-жақты және әділ тергеу жүргізуді тапсырды. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, дейді әкімдіктегілер.Сонымен қатар, облыс әкімі Ұлан ауданының әкіміне қаза тапқан азаматтың отбасына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетуді тапсырды.Қазіргі таңда оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қайғылы жағдайдың мән-жайы нақтыланып жатыр.
https://sputnik.kz/20250731/densaulygynan-ayyrylgan-zhumysshy-araltuzdan-5-mln-tenge-otemaqy-ondirip-aldy-56075890.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/06/56204989_0:370:720:910_1920x0_80_0_0_bb51b46d05ba64807be3e2fec6d65642.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, жұмысшы
Шығыс Қазақстанда трактор траншеяға түсіп кетіп, жұмысшы мерт болды
13:32 06.08.2025 (жаңартылды: 13:38 06.08.2025) 1980 жылы туған марқұмның артында бес баласы қалды
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында қайғылы жағдай болып, жұмысшы көз жұмды.
Қайғылы оқиға бүгін таңертең Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында болған. Құрылыс жұмыстары кезінде трактор траншеяға аударылып, соның салдарынан жүргізуші қаза тапты. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1980 жылы туған марқұмның артында бес баласы қалды.
Оқиға орнына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы және Ұлан ауданының әкімі жедел жеткен.
Өңір басшысы су құбыры желілерін салып жатқан "ТМ Тепломир" ЖШС-нің қызметіне қатысты жан-жақты және әділ тергеу жүргізуді тапсырды. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, дейді әкімдіктегілер.
"Мұндай жағдайларға бей-жай қарауға болмайды. Болған оқиғаның нақты себептері анықталуы тиіс. Еңбек қауіпсіздігі – біздің сөзсіз басымдығымыз", – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Сонымен қатар, облыс әкімі Ұлан ауданының әкіміне қаза тапқан азаматтың отбасына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетуді тапсырды.
Қазіргі таңда оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қайғылы жағдайдың мән-жайы нақтыланып жатыр.