https://sputnik.kz/20250806/qytay-ukrainadagy-dagdarysty-sheshuge-atsalysuga-dayyn-ekenin-malimdedi-56208783.html
Қытай Украинадағы дағдарысты шешуге атсалысуға дайын екенін мәлімдеді
Қытай Украинадағы дағдарысты шешуге атсалысуға дайын екенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қытай Украина дағдарысын Бразилиямен бірлесіп шешуге көмектесуге дайын, деді сәрсенбіде Қытай сыртқы істер министрі Ван И. 06.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-06T16:59+0500
2025-08-06T16:59+0500
2025-08-06T16:59+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/473/61/4736128_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_2918cf19dd29d693d327adf4402a192f.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қытай Украина дағдарысын Бразилиямен бірлесіп шешуге көмектесуге дайын, деді сәрсенбіде Қытай сыртқы істер министрі Ван И.Сәрсенбіде Ван И мен Бразилия президентінің бас арнайы кеңесшісі Селсу Аморим телефон арқылы сөйлесті.Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлағандай, тараптар, атап айтқанда, Украина дағдарысын талқылады.Өткен жылдың мамыр айында Қытай мен Бразилия Украинадағы қақтығысты саяси реттеудің алты тармақтан тұратын жоспарын бірлесіп жариялап, 100-ден астам елден оң пікір алған. Содан кейін Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Қытай, Бразилия және Жаһандық оңтүстіктің басқа елдері Украина дағдарысын шешу үшін "Бейбітшілік достары" атты ашық платформа құратынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/473/61/4736128_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_fbee5ee2fb5f363719cd6cf85be4f5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Қытай Украинадағы дағдарысты шешуге атсалысуға дайын екенін мәлімдеді
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қытай Украина дағдарысын Бразилиямен бірлесіп шешуге көмектесуге дайын, деді сәрсенбіде Қытай сыртқы істер министрі Ван И.
Сәрсенбіде Ван И мен Бразилия президентінің бас арнайы кеңесшісі Селсу Аморим телефон арқылы сөйлесті.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлағандай, тараптар, атап айтқанда, Украина дағдарысын талқылады.
"Қытай мен Бразилия өзара іс-қимылды жалғастырып, "Бейбітшілік достары" тобын ілгерілету үшін атысты тоқтату және соғыс мәселесі бойынша одан әрі консенсус құру, бейбітшілік пен келіссөзді ілгерілету, осылайша дағдарысты саяси реттеуге ықпал ету үшін бірге жұмыс істей береді", - деп келтіреді Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты Ван Идің сөзін.
Өткен жылдың мамыр айында Қытай мен Бразилия Украинадағы қақтығысты саяси реттеудің алты тармақтан тұратын жоспарын бірлесіп жариялап, 100-ден астам елден оң пікір алған. Содан кейін Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Қытай, Бразилия және Жаһандық оңтүстіктің басқа елдері Украина дағдарысын шешу үшін "Бейбітшілік достары" атты ашық платформа құратынын мәлімдеді.