Шекарадағы өткізу пункттерінде жөндеуді кешіктірген шенеуніктер жауапқа тартылады

© Sputnik / Жоомарт УраимовҚазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункті
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Жазылу
ҚХР, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстанмен шекарадағы 9 өткізу пунктін реконструкциялау жұмыстары биылғы жоспарда тұр
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық автокөлік өткізу пункттерін реконструкциялау жұмыстары бойынша жиын өткізді.
Жиында осы бағыттағы жұмыстарға жауапты лауазымды тұлғалардың баяндамалары тыңдалды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы шекараларындағы, атап айтқанда ҚХР, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстанмен шекарадағы 9 өткізу пунктін реконструкциялау жұмыстары биылғы жоспарда тұр.
"Бүгінгі таңда олардың 4-еуінде: Қапланбек, Атамекен, Қалжат және Алакөл пункттерінде жұмыстар аяқталды. Бес нысанды жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін өз мәресіне жетпек. "Жібек жолы" жолаушылар өткізу пунктін реконструкциялау жоспардан тыс жүруде, аяқталуы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында көзделіп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Баяндамаларды тыңдаған Бектенов кеден қызметінің, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасы шекараларындағы автомобиль өткізу пункттерін жөндеу мерзімдерінің кешіктірілуіне байланысты салалық министрліктер жұмысын сынға алды.
Премьер-министр мемлекеттік кірістер комитеті мен автомобиль жолдары комитетінің төрағаларын жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Сонымен қатар министрліктердің жауапты басшылары жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін өңірлерге жіберілді.Бектенов жауапты министрлерге реконструкциялау барысы туралы апта сайын есеп беру міндеттеді.
Бектенов шекарада ID-картаны енгізу жұмысын жылдамдатуды тапсырды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2025
Бектенов шекарада ID-картаны енгізу жұмысын жылдамдатуды тапсырды
Жаңалықтар
0