https://sputnik.kz/20250806/astanadagy-damkhanada-tuyequsqa-qatygezdik-korsetildi-politsiya-tusinikteme-berdi-56202946.html
Астанадағы дәмханада түйеқұсқа қатыгездік көрсетілді: полиция түсініктеме берді
Астанадағы дәмханада түйеқұсқа қатыгездік көрсетілді: полиция түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Түйеқұс Сарыағаш қаласынан сатып алынып, Қоянды ауылындағы шаруа қожалығына жеткізілген 06.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-06T12:41+0500
2025-08-06T12:41+0500
2025-08-06T13:25+0500
астана
құс
полиция
https://sputnik.kz/img/07e7/09/12/38554727_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_17597eb2340364f6409ac5ee1575f4cf.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Астанадағы дәмханалардың бірінде түйеқұсқа қатысты қатыгездік көрсету фактісі бойынша полиция түсініктеме берді.Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бұл жағдайда жануарға қатыгездік көрсетілмеген. Ер адамдар түйеқұсты тасымалдауға арналған көлікке мінгізу үшін құсты мойынынан ұстаған.Белгілі болғандай, бұл құс дәмханаға жарнама мақсатында әкелінген. Түйеқұс Сарыағаш қаласынан сатып алынып, оның қазір Қоянды ауылындағы шаруа қожалығына тасымалданғаны анықталды.Еске салайық, бұған дейін желіде елордадағы дәмханалардың бірінде түйеқұстың видеосы тарап, оған қатысты әрекет сынға ұшыраған болатын.
https://sputnik.kz/20250730/mysyqty-qatyryp-bolshektegen-boyzhetkenge-qatysty-tekseris-bastaldy-56042695.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/12/38554727_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_824cb70fb9c5ee7380ca437c1652dd0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, құс, полиция
Астанадағы дәмханада түйеқұсқа қатыгездік көрсетілді: полиция түсініктеме берді
12:41 06.08.2025 (жаңартылды: 13:25 06.08.2025) Түйеқұс Сарыағаш қаласынан сатып алынып, Қоянды ауылындағы шаруа қожалығына жеткізілген
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Астанадағы дәмханалардың бірінде түйеқұсқа қатысты қатыгездік көрсету фактісі бойынша полиция түсініктеме берді.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бұл жағдайда жануарға қатыгездік көрсетілмеген. Ер адамдар түйеқұсты тасымалдауға арналған көлікке мінгізу үшін құсты мойынынан ұстаған.
Белгілі болғандай, бұл құс дәмханаға жарнама мақсатында әкелінген. Түйеқұс Сарыағаш қаласынан сатып алынып, оның қазір Қоянды ауылындағы шаруа қожалығына тасымалданғаны анықталды.
"Бұл ретте жануарларға қатыгездік көрсетуге, сондай-ақ жануарларды тиісті шарттар мен нормаларды сақтамай осындай мақсаттарда пайдалануға жол берілмейтіндігі туралы кәсіп иесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді полицейлер.
Еске салайық, бұған дейін желіде елордадағы дәмханалардың бірінде түйеқұстың видеосы тарап, оған қатысты әрекет сынға ұшыраған болатын.