Үкімет Жамбыл облысындағы екі аурухананы реконструкциялауға 2,4 млрд теңге бөлді

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаАқмола облысындағы аурухана
Ақмола облысындағы аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2025
Жазылу
Бұған дейін Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулатория салынды
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы ауруханаларды реконструкциялауға қаражат бөлінді, деп хабарлады үкімет.
Атап айтқанда, Меркі және Талас аудандарындағы ауданаралық көпбейінді орталық ауруханаларды реконструкцияланады. Осы мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан 2,4 млрд теңге бөлінді.
"Қайтарылған активтердің бір бөлігі Талас аудандық көпсалалы орталық аурухананы реконструкциялауға бағытталады. Қарастырылған қаражат көлемі – 2,3 млрд теңге", - дп жазылған хабарламада.
Ал Меркі аудандық көпсалалы орталық аурухананың қабылдау бөлімшесін жөндеуге 144,9 млн теңге жұмсалады. Құрылыс жұмыстары соңғы сатысында жүріп жатыр. Нысанды жыл соңында пайдалануға беру жоспарланған.
Үкімет мәліметінше, жалпы алғанда, биыл Жамбыл облысында төрт денсаулық сақтау нысанын іске қосуға қордан 2,8 млрд теңге бағытталған. Бұған дейін Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулатория салынды. Олардың әрқайсысы тәулігіне 45 адамға дейін қабылдай алады.
Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Ақмола облысында жемқорлардан қайтарылған ақшаға салынған екі мекеме ашылды
Жаңалықтар
0