Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Уитакер АҚШ-тың Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келесі қадамын жариялады

© Sputnik / Эдуард Песов / Медиабанкке өтуЗдание Конгресса США (Капитолий) в Вашингтоне
Здание Конгресса США (Капитолий) в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялары Вашингтон үшін Украинадағы қақтығысты тоқтатуға күш салатын келесі айқын қадам болмақ, деді АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер.
"Ресей өндіретін мұнайды сатып алатын <…> Қытай, Үндістан және Бразилияға қайталама санкциялар мен тарифтер енгізу соғысты тоқтату әрекетінің айқын келесі қадамы саналады", - деді ол Блумберг агенттігіне берген сұхбатында.
Уитакердің айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтатуға "жағдай жасау" үшін "осы картаны ойнауға" ниетті.
Таяуда АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар салатынын айтты.
"Санкциялар болады, бірақ олар санкцияларды айналып өте алады. Олар бұл мәселеде өте ақылды. Сондықтан не болатынын уақыты келгенде көреміз", - деді Трамп журналистерге.
Америка басшысы қақтығысты шешуде ілгерілеушіліктің жоқтығын алға тартып, Ресей мен Украина арасында бітімге келу үшін бұрын белгілеген 50 күндік мерзімді 10-12 күнге дейін қысқартып жатқанын айтты.
Жаңалықтар
0