https://sputnik.kz/20250805/stiv-dzhobstyn-qyzy-olimpiada-chempionyna-turmysqa-shyqty-56175868.html
Стив Джобстың қызы Олимпиада чемпионына тұрмысқа шықты
Стив Джобстың қызы Олимпиада чемпионына тұрмысқа шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Джобстың қызы Ив Джобс 27 жасында Олимпиада чемпионы, кәсіби шабандоз Гарри... 05.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-05T22:49+0500
2025-08-05T22:49+0500
2025-08-05T22:49+0500
үйлену тойы
әлем
жұлдызды жұп
https://sputnik.kz/img/07e9/08/05/56176492_0:0:468:264_1920x0_80_0_0_ad509983439d2c95a649b1e8bad3c53c.png
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Джобстың қызы Ив Джобс 27 жасында Олимпиада чемпионы, кәсіби шабандоз Гарри Чарльзға тұрмысқа шықты, деп хабарлады 1bol.kz.Гарри – Ұлыбритания құрамасы сапында ат спортының конкур түрі бойынша жарыстарға қатысып жүрген спортшы.Салтанатты үйлену тойы 26 шілдеде Ұлыбританияда өткен. Алайда жас жұптың жалғыз үйлену суреті жақында ғана Ив Джобстың желідегі парақшасында жарияланды.NDTV басылымының мәліметінше неке қию рәсімі ортағасырлық Әулие Михаил шіркеуінде өтіп, мерекелік кеш Estelle Manor атты элиталы клуб пен қонақүйде жалғасын тапқан. Тойдың жалпы шығыны 6,7 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр.Ив Джобс әлеуметтік желіде: "Біз отбасын құрдық!!! Бұл – өміріміздегі ең ғажап апта болды. Біз алғыс айтқымыз келетін жандар өте көп..." деп жазып, тойды ұйымдастыруға атсалысқан мамандар мен жақын жандарына шын жүректен алғысын білдірді.Ив Джобс та ат спортымен айналысқан. Конкур жарыстарына қатысып, шабандоз ретінде танылған. Сонымен қатар ол сән индустриясында да өз орнын тапқан. 2020 жылы Glossier косметика бренді арқылы модельдік мансабын бастап, 2021 жылы Coperni сән үйінің көрсетілімінде алғаш рет подиумға шықты. Сол дефилеге Джиджи Хадид те қатысқан болатын.Қазіргі таңда Ив – Louis Vuitton сән үйінің серіктесі және Vogue Japan журналының мұқабасына шыққан танымал модель. Модельдік мансабына дейін ол Стэнфорд университетінде тарих мамандығы бойынша білім алған.Айта кетері, Ив Джобс – Стив Джобстың кенже қызы. Стив Джобс 2011 жылдың 5 қазанында ұйқы безі обырынан қайтыс болды. Ол 1972 жылдан бастап Крисанн Бреннанмен қарым-қатынаста болған, 1978 жылы Лиза есімді қыздары дүниеге келді. Дегенмен кәсіпкер алғашында әкелік жауапкершілікті мойындамаған.1991 жылы Стив Джобс Пенсильвания университетінің түлегі, Уортон бизнес мектебінің MBA дәрежесін иеленген Лорен Пауэллге үйленген. Лорен Merrill Lynch Asset Management пен Goldman Sachs компанияларында жұмыс істеген. Бұл некеден үш бала өмірге келген: Рид, Эрин және Ив Джобс.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/05/56176492_20:0:457:328_1920x0_80_0_0_454849fd3634982bf5b244159378aef8.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үйлену тойы, әлем, жұлдызды жұп
үйлену тойы, әлем, жұлдызды жұп
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Джобстың қызы Ив Джобс 27 жасында Олимпиада чемпионы, кәсіби шабандоз Гарри Чарльзға тұрмысқа шықты, деп хабарлады
1bol.kz. Гарри – Ұлыбритания құрамасы сапында ат спортының конкур түрі бойынша жарыстарға қатысып жүрген спортшы.
Салтанатты үйлену тойы 26 шілдеде Ұлыбританияда өткен. Алайда жас жұптың жалғыз үйлену суреті жақында ғана Ив Джобстың желідегі парақшасында жарияланды.
NDTV басылымының мәліметінше неке қию рәсімі ортағасырлық Әулие Михаил шіркеуінде өтіп, мерекелік кеш Estelle Manor атты элиталы клуб пен қонақүйде жалғасын тапқан. Тойдың жалпы шығыны 6,7 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр.
Ив Джобс әлеуметтік желіде: "Біз отбасын құрдық!!! Бұл – өміріміздегі ең ғажап апта болды. Біз алғыс айтқымыз келетін жандар өте көп..." деп жазып, тойды ұйымдастыруға атсалысқан мамандар мен жақын жандарына шын жүректен алғысын білдірді.
"Жас жұптың қарым-қатынасы туралы көп нәрсе белгісіз. Олар алғаш рет жұрт алдына 2024 жылы Париж Олимпиадасы кезінде шыққан. Сол сәтте желіде де жұп ретінде жария болған. Гарри сол Олимпиадада конкур жарысынан алтын медаль жеңіп алған. Ал спорттағы жолын ол жасөспірім шағынан бастаған. Олимпиадаға алғаш рет 2020 жылы Токиода қатысқан", - деп жазды портал.
Ив Джобс та ат спортымен айналысқан. Конкур жарыстарына қатысып, шабандоз ретінде танылған. Сонымен қатар ол сән индустриясында да өз орнын тапқан. 2020 жылы Glossier косметика бренді арқылы модельдік мансабын бастап, 2021 жылы Coperni сән үйінің көрсетілімінде алғаш рет подиумға шықты. Сол дефилеге Джиджи Хадид те қатысқан болатын.
Қазіргі таңда Ив – Louis Vuitton сән үйінің серіктесі және Vogue Japan журналының мұқабасына шыққан танымал модель. Модельдік мансабына дейін ол Стэнфорд университетінде тарих мамандығы бойынша білім алған.
Айта кетері, Ив Джобс – Стив Джобстың кенже қызы. Стив Джобс 2011 жылдың 5 қазанында ұйқы безі обырынан қайтыс болды. Ол 1972 жылдан бастап Крисанн Бреннанмен қарым-қатынаста болған, 1978 жылы Лиза есімді қыздары дүниеге келді. Дегенмен кәсіпкер алғашында әкелік жауапкершілікті мойындамаған.
1991 жылы Стив Джобс Пенсильвания университетінің түлегі, Уортон бизнес мектебінің MBA дәрежесін иеленген Лорен Пауэллге үйленген. Лорен Merrill Lynch Asset Management пен Goldman Sachs компанияларында жұмыс істеген. Бұл некеден үш бала өмірге келген: Рид, Эрин және Ив Джобс.