Сталин Потсдамда Черчилль мен Трумэнді өз дегеніне қалай көндірді

© Sputnik / Yevgeny Khaldei / Медиабанкке өтуЧерчилль, Труман и Сталин во время Потсдамской конференции
Черчилль, Труман и Сталин во время Потсдамской конференции - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2025
Жазылу
Потсдамдағы Цецилиенхоф сарайы екі аптадан астам уақыт бойы күрделі және кейде қатаң дипломатиялық келіссөздің аренасына айналды
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Жауды жеңу соғысты тоқтату дегенді білдірген жоқ. 1945 жылдың шілдесінде "үлкен үштіктің" басшылары жаңа әлемдік тәртіптің қандай болатынын шешу үшін соңғы рет келіссөз үстеліне отырды. Потсдам конференциясының қорытындысы туралы РИА Новости жазды.

Екіжүзді позиция

Потсдамдағы Цецилиенхоф сарайы екі аптадан астам уақыт бойы күрделі және кейде қатаң дипломатиялық келіссөздің аренасына айналды.
Британ премьер-министрі Уинстон Черчилль мен КСРО басшысы Иосиф Сталин арасындағы дау тоқтамады. Олар бірде-бір мәселеде келісе алмады. Екеуі де "өткір тілді" болатын. Бірінші күні Сталин Черчилльден КСРО-ға немістің әскери және сауда флотынан үлес беруден неліктен бас тартып отырғанын тікелей сұрады.
"Қазіргі уақытта неміс флоты түгел дерлік біздің қолымызда", - деді Черчилль.
"Әңгіме осында", — деп жауап берді Сталин.
Британ премьер-министрі барлық неміс кемесін суға батыруды ұсынды. Сталин флотты бөлуді талап етіп, "Черчилль мырза қаласа, өз үлесін суға батыра берсін" деп мәлімдеді. Британдықтардың бұлтартпас дәлелі болмады, сондықтан олар кемелерді Мәскеу мен Лондон арасында тең бөлуге шешім қабылдады.
Бір қызығы, дипломатияны жақсы меңгерген америкалықтармен келісімге келу одан да қиын болды. Трумэн Потсдамда өз атынан сөйлеуге рұқсат берген мемлекеттік хатшы Джеймс Бирнс Кеңес делегациясына Рейхтің бұрынғы сателлиттерінің БҰҰ-ға мүшелігі мен репарация мәселесі шешілгеннен кейін ғана Польшаның кеңеюіне келісетінін айтты.
"Олар бір-бірімен байланысты емес", - деп үзілді-кесілді қарсылық білдірді Сталин. Ол Польшаның кеңеюі мәселесі "Кеңес мемлекеті үшін өмір мен өлім мәселесі", өйткені Мәскеу үшін бұл Еуропадағы қауіпсіздік белбеуі екенін айтты. Ялта келісімдеріне және поляк делегациясының қолдауына сүйене отырып, КСРО одақтастарын көнуге мәжбүрледі. Бүгінгі күнге дейін сақталған жаңа неміс-поляк шекарасы Одер өзені бойымен өтті.
Потсдам конференциясы Сталин мен Черчилльдің соңғы кездесуі болды. Жаңа премьер-министр Клемент Эттли қызметке ресми кіріскенге дейін келіссөздерге алғашқы күннен бастап "қосалқы ойыншы" ретінде қатысты. Ол кездесудің аяқталуына алты күн қалғанда қызметке кірісіп, Лондонның қатал бағытын жалғастырды.

Іскерлік мәселе

Өтемақы төлеу ең күрделі мәселелердің біріне айналды. Кеңес делегациясы КСРО-ның нацизмнен қатты зардап шеккенін бірнеше рет атап өтті.
"Ең болмағанда жиырмадан бір бөлігін өтеу керек", - деді Сталин Потсдамда.
Неміс активтерінің бір бөлігі соғысқа дейін Батыс елдеріне өтіп кеткен. Мәскеу жағдайды ушықтырмады және демократиялық Батыстың нацистермен соғысқа дейінгі экономикалық байланысына баса назар аударды. Кепілдендірілген өтемақыға ымыраға келу арқылы ғана қол жеткізуге болатын еді.
Сталин Германияның Батыстағы барлық инвестициясы мен алтын қорын одақтастарға қалдыруды ұйғарды. Қызыл Армия орналасқан Шығыс Еуропадағының бәрі Мәскеуге өтті.
Жаңалықтар
0