https://sputnik.kz/20250805/ministr-ana-men-bala-oliminin-negizgi-sebepterin-zhariyalady-56165432.html
Министр ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты
Министр ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты
Sputnik Қазақстан
Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Абай облыстарында нәресте өлімі жоғары болып отыр 05.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-05T11:20+0500
2025-08-05T11:20+0500
2025-08-05T12:19+0500
денсаулық сақтау
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/04/11/52570499_0:39:674:418_1920x0_80_0_0_db3ea2c101426594f5e0f26e6cb84bb7.jpg
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, бүгінде жүйелі шараларға қарамастан, 6 өңірде - Ақмола, Жетісу, Жамбыл, Абай, Ақтөбе мен Қостанай облыстарында ана өлімінің өсуі байқалады. Ал Ақмола облысындағы статистика республикалық көрсеткіштен 7 есе жоғары болып тұр.Ал Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Абай облыстарында нәресте өлімі жоғары болып отыр.Нәресте өлімінің негізгі себептері:"Сосын Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ұлытау облыстарында үй жағдайында тіркелген өлім-жітім көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 2 есе жоғары болып тұр", - деді министр.
https://sputnik.kz/20240729/batys-qazaqstanda-ana-men-balanyn-olimine-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy-45943746.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/11/52570499_33:0:641:456_1920x0_80_0_0_ea47ddeaf3cc7406bdb131af6b0d134f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау, министрлік
денсаулық сақтау, министрлік
Министр ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты
11:20 05.08.2025 (жаңартылды: 12:19 05.08.2025) Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Абай облыстарында нәресте өлімі жоғары болып отыр
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгінде жүйелі шараларға қарамастан, 6 өңірде - Ақмола, Жетісу, Жамбыл, Абай, Ақтөбе мен Қостанай облыстарында ана өлімінің өсуі байқалады. Ал Ақмола облысындағы статистика республикалық көрсеткіштен 7 есе жоғары болып тұр.
"Ана өлімінің басым себептері: ауыр экстрагенитальды аурулар - 55 % (10 жағдай) және акушерлік жағдайлар – 45 % (8 жағдай). Әрбір жағдай бойынша жан-жақты сараптама жүргізіледі", - деді Әлназарова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Абай облыстарында нәресте өлімі жоғары болып отыр.
Нәресте өлімінің негізгі себептері:
перинаталдық кезеңдегі жағдай (47,7%);
туа біткен ақаулар (19,6%);
тыныс алу ағзаларының аурулары (7,6%).
"Сосын Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ұлытау облыстарында үй жағдайында тіркелген өлім-жітім көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 2 есе жоғары болып тұр", - деді министр.