https://sputnik.kz/20250805/eo-ukraina-ushin-oq-dari-satyp-alady-56165721.html
Еуроодақ Украина үшін оқ-дәрі сатып алады
Еуроодақ Украина үшін оқ-дәрі сатып алады
Sputnik Қазақстан
Дональд Трамп бұған дейін АҚШ пен Еуропалық Одақ Киевке америкалық қару-жарақ жіберуге келіскенін хабарлады 05.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-05T11:57+0500
2025-08-05T11:57+0500
2025-08-05T12:01+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/14/39531054_0:169:3129:1929_1920x0_80_0_0_f6ed83f5c6c28170b13c741077929f26.jpg
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. АҚШ-тың Еуропадағы одақтастары Украинаға қорғаныс жүйелерін ғана емес, сонымен қатар артиллериялық снарядтар, оқтар және басқа да оқ-дәрілер сатып алады, деп мәлімдеді АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Мэтью Уитакер. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Уитакер сондай-ақ АҚШ-тың еуропалық сатып алулар аясында Украина Қарулы күштерін ұрыс даласында қолдануға қажетті қару-жарақпен қамтамасыз етуді көздейтінін де айтты.АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін АҚШ пен Еуропалық Одақ Киевке америкалық қару-жарақ жіберуге келіскенін, шығындарды Еуропа өз мойнына алатынын айтқан. Жеткізулер тек зымырандарды емес, Patriot батареяларын да қамтиды.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын мәлімдеді. Кремль Батыстың Украинаға қару жіберуі келіссөздерге ықпал етпейтінін және кері әсер ететінін жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/14/39531054_398:0:3129:2048_1920x0_80_0_0_32218f4cd716e95f7609dfa6e7e62d36.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуроодақ Украина үшін оқ-дәрі сатып алады
11:57 05.08.2025 (жаңартылды: 12:01 05.08.2025) Дональд Трамп бұған дейін АҚШ пен Еуропалық Одақ Киевке америкалық қару-жарақ жіберуге келіскенін хабарлады
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. АҚШ-тың Еуропадағы одақтастары Украинаға қорғаныс жүйелерін ғана емес, сонымен қатар артиллериялық снарядтар, оқтар және басқа да оқ-дәрілер сатып алады, деп мәлімдеді АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Мэтью Уитакер. Бұл туралы
РИА Новости хабарлады.
"Артиллериялық снарядтар, оқтар мен оқ-дәрілер сияқты заттар сатып алынады деп күтіліп отыр", - деді ол Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында.
Уитакер сондай-ақ АҚШ-тың еуропалық сатып алулар аясында Украина Қарулы күштерін ұрыс даласында қолдануға қажетті қару-жарақпен қамтамасыз етуді көздейтінін де айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін АҚШ пен Еуропалық Одақ Киевке америкалық қару-жарақ жіберуге келіскенін, шығындарды Еуропа өз мойнына алатынын айтқан. Жеткізулер тек зымырандарды емес, Patriot батареяларын да қамтиды.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын мәлімдеді. Кремль Батыстың Украинаға қару жіберуі келіссөздерге ықпал етпейтінін және кері әсер ететінін жеткізді.