https://sputnik.kz/20250805/eaeo-da-elderinin-narygyna-qauipsiz-dari-darmekter-shyguy-qamtamasyz-etildi-56173267.html
ЕАЭО елдерінің нарығына тек қауіпсіз дәрі-дәрмек шығарылады
ЕАЭО елдерінің нарығына тек қауіпсіз дәрі-дәрмек шығарылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. ЕЭК кеңесі фармацевтикалық тексерулердің жаңа ережесін бекітті, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі. 05.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-05T14:38+0500
2025-08-05T14:38+0500
2025-08-05T15:11+0500
еаэо
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44597103_0:9:3072:1737_1920x0_80_0_0_40d109930f8912789c94ff9661b56199.jpg
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. ЕЭК кеңесі фармацевтикалық тексерулердің жаңа ережесін бекітті, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі тиісті зертханалық тәжірибе талаптарына сәйкестігін тексеретін фармацевтикалық инспекциялар ережесін бекітті.Ереже ЕАЭО-ның әртүрлі елдерінде түпнұсқалық дәрілік заттарды тіркеу кезінде қайталама тексерулердің алдын алатын тексеру жүргізудің жалпы рәсімдерін сипаттайды. Олар сондай-ақ анықталған сәйкессіздіктерге байланысты тәуекелдерді бағалау тәсілдерін қамтиды.Бұл еуразиялық "бестік" елдерінің нарығына тек қауіпсіз дәрі-дәрмектердің шығуын қамтамасыз етеді және қауіпсіздігі тиісті түрде расталмаған дәрілерді тіркеуге жол бермейді.
https://sputnik.kz/20250729/eaeo-dagy-onerkasip-kooperatsiyasy-qarzhylyq-qoldaudyn-erekshelikteri-56004469.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44597103_257:0:2988:2048_1920x0_80_0_0_13a85572106b7d8f79df99bb321c7bb8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, дәрі-дәрмек
ЕАЭО елдерінің нарығына тек қауіпсіз дәрі-дәрмек шығарылады
14:38 05.08.2025 (жаңартылды: 15:11 05.08.2025) АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. ЕЭК кеңесі фармацевтикалық тексерулердің жаңа ережесін бекітті, деп хабарлады комиссияның
баспасөз қызметі.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі тиісті зертханалық тәжірибе талаптарына сәйкестігін тексеретін фармацевтикалық инспекциялар ережесін бекітті.
"Бұл ереже түпнұсқалық дәрілік заттардың клиникаға дейінгі қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізетін орталықтарды бағалау бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тәжірибесіне негізделген және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұсынған халықаралық тәсілдерді ескереді", - деп жазылған хабарламада.
Ереже ЕАЭО-ның әртүрлі елдерінде түпнұсқалық дәрілік заттарды тіркеу кезінде қайталама тексерулердің алдын алатын тексеру жүргізудің жалпы рәсімдерін сипаттайды. Олар сондай-ақ анықталған сәйкессіздіктерге байланысты тәуекелдерді бағалау тәсілдерін қамтиды.
Бұл еуразиялық "бестік" елдерінің нарығына тек қауіпсіз дәрі-дәрмектердің шығуын қамтамасыз етеді және қауіпсіздігі тиісті түрде расталмаған дәрілерді тіркеуге жол бермейді.