https://sputnik.kz/20250805/aqtau-qalasynda-teniz-vokzaly-salynady-56162233.html
Туризмді дамыту: Ақтауда теңіз вокзалы салынады
Туризмді дамыту: Ақтауда теңіз вокзалы салынады
Sputnik Қазақстан
Бұдан бөлек, қалада халықаралық деңгейдегі стадион салу да көзделіп отыр 05.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-05T09:29+0500
2025-08-05T09:29+0500
2025-08-05T09:40+0500
ақтау
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52601845_0:50:1280:770_1920x0_80_0_0_d5e6563703727cc27605194df73cf55a.jpg
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Үкімет "Маңғыстау" туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.Құжатта 9 бағыт бойынша салалық мәселелерді жүйелі шешу қарастырылған.12 туристік нысанның ішінде өңірдегі туризмді дамытудың негізгі бағыттарының бірі Кендірлі туристік аймағы болып белгіленді. Инфрақұрылымдық мәселелерді шешу, оның ішінде инженерлік коммуникациялар жүргізу, туристік нысандарды электр қуатымен, сумен жабдықтау және көлік қолжетімділігімен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені іске асырылады.Кешенді жоспар мәдени-спорттық іс-шаралар өткізуді, "Каспий ӘКК" АҚ желісі арқылы туризм саласын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын іске қосуды да қамтиды.Жоспар жүзеге асырылғаннан кейін 2029 жылға қарай ішкі туристер саны 430 мыңнан 520 мың адамға, ал келуші туристер санын 89 мыңнан 143 мың адамға дейін артады деп күтіліп отыр.
https://sputnik.kz/20250718/syrdariya-arqyly-zharty-shaqyrymdyq-temirzhol-kopiri-salynady-55764039.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52601845_94:0:1186:819_1920x0_80_0_0_307d1f8832a116ac57eedd659224c983.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, үкімет
Туризмді дамыту: Ақтауда теңіз вокзалы салынады
09:29 05.08.2025 (жаңартылды: 09:40 05.08.2025) Бұдан бөлек, қалада халықаралық деңгейдегі стадион салу да көзделіп отыр
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Үкімет "Маңғыстау" туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.
Құжатта 9 бағыт бойынша салалық мәселелерді жүйелі шешу қарастырылған.
12 туристік нысанның ішінде өңірдегі туризмді дамытудың негізгі бағыттарының бірі Кендірлі туристік аймағы болып белгіленді. Инфрақұрылымдық мәселелерді шешу, оның ішінде инженерлік коммуникациялар жүргізу, туристік нысандарды электр қуатымен, сумен жабдықтау және көлік қолжетімділігімен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені іске асырылады.
"Кендірлі ауылында жолдар мен басқа да нысандарды жөндеуден бөлек, әуежай салынады. Бұл ретте инвесторлар мен эко-белсенділердің ұсыныстары ескерілді. Сонымен қатар, Ақтау қаласында теңіз вокзалы мен халықаралық деңгейдегі стадион салу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Кешенді жоспар мәдени-спорттық іс-шаралар өткізуді, "Каспий ӘКК" АҚ желісі арқылы туризм саласын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын іске қосуды да қамтиды.
Жоспар жүзеге асырылғаннан кейін 2029 жылға қарай ішкі туристер саны 430 мыңнан 520 мың адамға, ал келуші туристер санын 89 мыңнан 143 мың адамға дейін артады деп күтіліп отыр.