Ақтау әкімдігі дәретханада ұйықтап жатқан балаларға қатысты түсініктеме берді

CC0 / / Общественный туалет
Общественный туалет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2025
Жазылу
Бірнеше күн бұрын әйел балаларын әжесіне қалдырып кеткені белгілі болды
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Ақтау қаласының әкімдігі жерасты дәретханасында ұйықтап жатқан балалардың суретінен кейін тексеріс өткізіп, кассирді жұмыстан шығарып жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде 15А шағын ауданындағы дәретханада түсірілген суреттер тарады. Кассир әйел мас болған. Ондағы бөлмелердің бірінде балалар жерде ұйықтап жатқан.
"Осы оқиғаға байланысты қала әкімдігі қоғамдық дәретханаға жауапты ұйымға қатаң сөгіс жариялады. Кассир жұмыстан шығарылды", - дейді әкімдік мамандары.
Ол жерге арнайы тексеріс жіберілді. Кассир әйел балалардың әжесі болып шықты.
"Балалардың анасы – жалғыз басты ана. Бұған дейін жетімдер тізімі бойынша кезекпен баспана алған. Сондай-ақ бұл отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Бірнеше күн бұрын әйел балаларын әжесінің асырауына қалдырып кеткен", - делінген ресми хабарламада.
Әкімдік қызметкерлері жалғыз басты ана тұратын үйге де барған. Іші лас, есіктері сынған. Ал балалар тәтесінің үйінде болған.
Мамандар анасын тауып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалғыз басты ана балаларын ары қарай бағатынын айтқан. Оған бір апта уақыт берілді. Осы уақыттың ішінде балаларына дұрыс қарамаса, балаларды алып қоюы мүмкін.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Қоғам
Алматы облысында асырап алған балаларды ұрып-соққан әйел кінәсін мойындамай отыр
Жаңалықтар
0