https://sputnik.kz/20250804/shymkentte-estu-qabileti-nashar-qyzdy-zorlagan-er-adamga-ukim-shyqty-56155912.html
Шымкентте есту қабілеті нашар қызды зорлаған ер адамға үкім шықты
Шымкентте есту қабілеті нашар қызды зорлаған ер адамға үкім шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есту қабілеті нашар қызды зорлады деп айыпталған 28 жастағы... 04.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-04T21:47+0500
2025-08-04T21:47+0500
2025-08-04T21:48+0500
шымкент
сот
зорлық-зомбылық
зорлау
әйел зорлау
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есту қабілеті нашар қызды зорлады деп айыпталған 28 жастағы жігітті 8 жылға соттады, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.Қылмысқа бірнеше адамның қатысы бар, бірақ әр сотталушының ісі бөлек қаралып жатыр. Басты айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтейді. Сонымен қатар сот жәбірленушінің 3 млн теңге көлеміндегі азаматтық талап арызын қанағаттандырды.Ер адам қыздың денсаулығындағы кінәратын пайдаланып, оны қорқытып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Жәбірленуші қатаң жаза қолдануды сұрады. Сот отырысы жабық өтті.Жәбірленушінің адвокаты Гүлайхан Тұрсыманованың айтуынша, айыпталушылардың бірі әлі тергеліп жатыр, ал екіншісіне қатысты қылмысты жасырғаны үшін арыз дайындалып жатыр."Біздің тарапымыздан апелляциялық шағым болмайды. Жәбірленуші тарап үкіммен келіседі", - деді адвокат.Үкім әлі заңды күшіне енбеген.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, сот, зорлық-зомбылық, зорлау, әйел зорлау
шымкент, сот, зорлық-зомбылық, зорлау, әйел зорлау
Шымкентте есту қабілеті нашар қызды зорлаған ер адамға үкім шықты
21:47 04.08.2025 (жаңартылды: 21:48 04.08.2025) АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есту қабілеті нашар қызды зорлады деп айыпталған 28 жастағы жігітті 8 жылға соттады, деп хабарлайды
Otyrar.kz сайты.
Қылмысқа бірнеше адамның қатысы бар, бірақ әр сотталушының ісі бөлек қаралып жатыр. Басты айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтейді. Сонымен қатар сот жәбірленушінің 3 млн теңге көлеміндегі азаматтық талап арызын қанағаттандырды.
"Сот сотталушының шын жүректен өкінуін қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп таныды. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар 3 миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды", - деп хабарлайды Шымкент сотының баспасөз қызметі.
Ер адам қыздың денсаулығындағы кінәратын пайдаланып, оны қорқытып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Жәбірленуші қатаң жаза қолдануды сұрады. Сот отырысы жабық өтті.
Жәбірленушінің адвокаты Гүлайхан Тұрсыманованың айтуынша, айыпталушылардың бірі әлі тергеліп жатыр, ал екіншісіне қатысты қылмысты жасырғаны үшін арыз дайындалып жатыр.
"Біздің тарапымыздан апелляциялық шағым болмайды. Жәбірленуші тарап үкіммен келіседі", - деді адвокат.
Үкім әлі заңды күшіне енбеген.