https://sputnik.kz/20250804/qyzylorda-oblysynda-auyl-sharuashylygy-qazhetine-zhosparlangan-sudyn-905-y-alyndy-56141898.html
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығына қажетті судың 90,5%-ы алынды
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығына қажетті судың 90,5%-ы алынды
Sputnik Қазақстан
Бүгінде өңірдегі егістіктердің 98%-ы кезекпен суарылып жатыр 04.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-04T08:38+0500
2025-08-04T08:38+0500
2025-08-04T08:39+0500
министрлік
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54406430_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_65e469a0918307cf0b8134176c257e67.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша жалпы су алу көлемі 3,03 млрд текше метрге жетті, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Жалпы жоспарланған көрсеткіш - 3,35 млрд текше метр болса, қалған 9,5% су суару маусымы аяқталғанға дейін алынады.Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта облыста су бес магистральдық және үш шаруашылықаралық канал арқылы кезекпен беріліп жатыр. Бүгінде өңірдегі егістіктердің 98%-ы кезекпен суарылып жатыр.Аймақта егістік алқаптарына су беруді жақсарту мақсатында ирригациялық каналдарға жылжымалы сорғы қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізілді. Су арналарына барлығы 324 агрегат орнатылды.Қазақстанның оңтүстігінде вегетация кезеңі биыл 20 күнге ерте басталғанын еске сала кетейік. Бұған жоғары температура мен жауын-шашынның болмауы себеп болды.
https://sputnik.kz/20250801/zhambyl-oblysynda-mineraldy-su-ondirisi-iske-qosyldy-56110791.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54406430_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_a622553f98a36482408bedf6d01fa685.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, ауыл шаруашылығы
министрлік, ауыл шаруашылығы
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығына қажетті судың 90,5%-ы алынды
08:38 04.08.2025 (жаңартылды: 08:39 04.08.2025) Бүгінде өңірдегі егістіктердің 98%-ы кезекпен суарылып жатыр
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша жалпы су алу көлемі 3,03 млрд текше метрге жетті, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жалпы жоспарланған көрсеткіш - 3,35 млрд текше метр болса, қалған 9,5% су суару маусымы аяқталғанға дейін алынады.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта облыста су бес магистральдық және үш шаруашылықаралық канал арқылы кезекпен беріліп жатыр. Бүгінде өңірдегі егістіктердің 98%-ы кезекпен суарылып жатыр.
Аймақта егістік алқаптарына су беруді жақсарту мақсатында ирригациялық каналдарға жылжымалы сорғы қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізілді. Су арналарына барлығы 324 агрегат орнатылды.
"Қызылорда облысындағы "Қазсушар" филиалы жергілікті диқандармен су беру бойынша 1 015 келісімшарт жасасты. Қазір өңірде министрліктің жұмыс тобы суармалы судың әділ бөлінуіне мониторинг пен тұрақты бақылау жүргізіп жатыр", – деді бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Қазақстанның оңтүстігінде вегетация кезеңі биыл 20 күнге ерте басталғанын еске сала кетейік. Бұған жоғары температура мен жауын-шашынның болмауы себеп болды.