Атырауда болат құю зауытының құрылысы басталды

© Photo : Пресс-служба акима Атырауской областиВ Атырау началось строительство литейного завода
В Атырау началось строительство литейного завода - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2025
Жазылу
Зауыт жылына 60 мың тоннаға дейін құйма бөлшектер шығарады
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Атырауда Texol Steel Technology болашақ құю зауытының іргесіне капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба Атырау қаласында ірі индустриялық кластер құру шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл кластердің орталығы – Атырау вагон құрастыру зауыты.
© Photo : Пресс-служба акима Атырауской областиАтырауда болат құю зауытының құрылысы басталды
В Атырау началось строительство литейного завода - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2025
Атырауда болат құю зауытының құрылысы басталды
"Жаңа зауытта теміржол вагондарына арналған болат құйма бөлшектер шығарылмақ. Жоба бұған дейін шетелден жеткізіліп келген құрамдас бөлшектерді отандық өнімдермен алмастыруға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Негізгі шикізат – металл сынықтары және ферроқорытпалармен қазақстандық жеткізушілер қамтымақ. Кәсіпорын 2027 жылы іске қосылады деп жоспарланған.
"Құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысының басталуы — Атырауда индустриялық кластерді дамытудағы маңызды қадам. Бұл зауыт вагонға қажетті бөлшектер өндірісін 96% көлемінде жергіліктендіруге, 500-ден астам адамды жұмыспен қамтуға, өңірде өңдеу өнеркәсібін дамыта түсуге мүмкіндік береді", - деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.
Салтанатты рәсімде облыс әкімі мен компания басшысы болашаққа жолдауға қол қойып,оны уақыт капсуласына салды.
Сонымен қатар теміржол қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай "Тексол Транс" ЖШС директоры Борис Харисұлы Зиганшинге "Құрметті теміржолшы" атағы берілді.
Жаңалықтар
0