"Тариф екі есе көтерілді": Алматы облысында тұрғындар суармалы суға зар

© Sputnik . Айдана Дайырова"Тариф екі есе көтерілді": Алматы облысында тұрғындар суармалы суға зар
Тариф екі есе көтерілді: Алматы облысында тұрғындар суармалы суға зар - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2025
Жазылу
Текес ауылында тұрғындардың басым көпшілігі нәпақасын жерден тауып жүр
АЛМАТЫ, 3 тамыз - Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылының тұрғындары суармалы суға шағымданып жатыр. Халықты қынжылтқан қандай мәселе? Sputnik Қазақстан тілшісі тыңдап қайтты.
© Sputnik . Айдана ДайыроваАлматы облысы Текес ауылы
Алматы облысы Текес ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2025
Алматы облысы Текес ауылы
Текес ауылында 500 отбасы тұрады. Айтар мұңы - ауылда суармалы судың тарифін екі есе қымбаттатқан.
"Ауылдың суармалы жеріне су келетін каналдардың талқаны шыққан. Осы уақытқа дейін ешкім ешнәрсе жасамаған. Ол жерде цемент арықтар жоғалып, темірлерінің бәрі металға өтіп кеткен. Биыл қарапайым халыққа суармалы суды 2 есе қымбат тарифпен берді. Сонда бір күн су алғанымыз үшін 25 мың теңге төлеуге мәжбүрміз", - дейді Текес ауылының тұрғындары.
Қысы суық аумақта күн көріп отырған халыққа картоп пен малдың шөбін небәрі бір-ақ рет суаруға мүмкіндік бар.
"Мысалы мен гектарына 1 күнге 25 мың теңге төлесем, ол су үш күн жатады. Ал біз еккен өнімді суғару үшін бірнеше күн керек. Ең болмаса көпір, тоған, көмей жасап берсе мұндай қиындық болмас еді. Біз өз қолымызбен бәрін жасап келеміз, судың арнасын бұрамыз, әбден әуреге түсеміз", - дейді Нұрлан Жақыпбаев есімді тұрғын.
Таудан келіп жатқан суды халыққа бірнеше мыңға не үшін сатады деген тұрғындар бұған дейін суармалы судың куб литрін 75 тиыннан сатып алған. Қазір 1 теңге 40 тиынға қымбаттаған. Текес ауылында тұрғындардың 70%-і жұмыссыз. Басым көпшілігі жер тырмалап, нәпақасын тауып жүр. Ал енді өз егістігімізден өзіміз өнім сатып алуға мәжбүрміз дейді текестіктер.
"Мысалы жарты гектар картопқа су 25 мың теңгеге айналады. Картоп суғарылу үшін екі күн су керек, 50 мыңға айналып кетеді. Онымен қоймай жағармай, трактор қызметі бәрі қымбаттады. Жастар қала жағалап кетті. Ауылда қалған үлкен кісілер бір картоп пен бір малдың бетіне қарап отыр", - дейді ауыл тұрғындары.
Текесте екі айдан бері әкім жоқ. Басшысы жоқ ауылдың басы қатып, не істерін білмей дал. Мәселенің мән-жайын суды басқарып отырған Алматы су шаруашылығы Нарынқол өндірістік бөлімшесінің басшысынан сұрадық. Бірақ бұл саланың басшысы қызметке екі ай бұрын ғана келіпті. Жаңа басшының айтуынша, табиғи монополияны реттеу комитеті бағаны көтерген, тіпті тарифтің қымбаттағанын су мекемесі білмей қалыпты.
"Табиғи монополия келгенде каналдың жағдайын көрсеттік. Жарамсыз жерлерді көрді. Олардың айтуынша, су мамандарының да еңбекақысы төмен, небәрі 85 мың теңге. Тарифті көтерсек еңбекақылары көтеріледі деді. Ал каналдар қазіргі уақытта жасалып басталып жатыр", - дейді Алматы облысы су шаруашылығы Нарынқол өндірістік бөлімшесінің басшысы Саят Алпысбаев.
Алпысбаевтың айтуынша, бұл каналдардың қирап кеткеніне 30 жыл болған. 30 жылда қираған дүниені әп-сәтте қалпына келтіру еш мүмкін емес.
"Тарифті арзандату мәселесі әлі ашық тұр. Каналдарды қалпына келтіру үшін қанша қаражат керегі қазірше белгісіз. Оның бәрін тексеріп, мамандар есептеу керек. Бірақ бүгін, ертең бәрі есептеліп, бірден жасала кетеді деп айта алмаймын. Облыстан басшылар келген, жылда келіп көріп кетіп жүр. Олар жағдайды толық біледі", - дейді Саят Алпысбаев.
Айтпақшы, бұл жақтағы тағы бір мәселе - таудан аққан су құмға толы. Кеңес үкіметі тұсында сүзгі болған, қазір жоқ. Салдарынан дихан біткеннің өнімі құм аралас сумен суарылуда. Ал бұл су өніммен қоса, жердің де құнарын жойып жатыр.
 Қазақстанда су тапшылығы проблемасы қалай шешіледі – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Видео
Қазақстанда су тапшылығы проблемасы қалай шешіледі – видео
Жаңалықтар
0