https://sputnik.kz/20250803/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-3-tamyz-56090305.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 3 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 3 тамыз
Sputnik Қазақстан
Григориан күнтізбесі бойынша 213-ші күн, жыл соңына дейін 150 күн бар 03.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-03T00:01+0500
2025-08-03T00:01+0500
2025-08-03T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
танымал тұлғалар
атақты адамдар
күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1105/59/11055959_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_ddc1b9fbc126ae7a4587d16019938a9a.jpg
3 тамызда не болғанын білесіз бе?Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.3 тамызда қандай қызықты оқиға болдыАҚШ-та бұл күні Ұлттық қарбыз күні тойланады. Америкалықтар үшін жидектің бұл түрі жазғы пикниктердің ажырамас бөлігі болып саналады. Жыл өткен сайын бұл мерекеге деген қызығушылық артып келеді.Қарбыздың құрамындағы қанттың мөлшері бар болғаны - 6%, сондай-ақ қияр секілді 90% судан тұрады. Сондықтан диета ұстайтындар үшін қарбыз таптырмайтын тағам.Бүгінде қарбыз өсіруден Қытай көш басында. Ал Жапония бұл жидектің сан алуан түрін шығарудан алдына жан салмайды. Жапондар төрт бұрышты қарбыз, пирамида пішініндегі қарбыз және диаметрі 10 см ғана кішкентай қарбыздар өсіреді. Ал ең ауыр қарбыз АҚШ-та өсірілген, оның салмағы - 122 кг.Нигер Республикасы бүгін Тәуелсіздік күнін атап өтеді.Сондай-ақ бүгін Канадада тағам күні аталып өтеді. Бұл күн қазір аспазшылардың кәсіби мейрамына айналған. Олар мереке күні тамақты тек отандық азық-түліктен әзірлейді.3 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар1942 жылы Христофор Колумб Үндістанның жағалауына жетіп, жаңа жерлерді ашу үшін Испаниядан үш кемемен шықты;2005 жылы түркі сценарисі Сафа Онал экранға шыққан сценарийлер саны бойынша Гиннес рекордтар кітабына енді. Ол 395 сценарий жазған;1778 жылы Италияда Миланда "Ла Скала" операсының ғимараты ашылды;1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия Францияға соғыс жариялады;1958 жылы Американың "Наутилиус" атомдық сүңгуір қайығы алғаш рет Солтүстік полюске су астымен жетті.3 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1904 жылы ұзындығы 1668 км құрайтын Орынбор-Ташкент магистралінің құрылысы басталды;1960 жылы Теміртаудағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды;2001 жылы Қазақстанда Түркияның Бас штабының әскери-техникалық өкілдігі ашылды.3 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар1903 жылы Тунистің алғашқы президенті Хабиб Бургиба дүниеге келді;1905 жылы кеңес одағының радиохимигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Борис Курчатов дүниеге келді;1959 жылы жапон ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты Коити Танака дүниеге келді;1963 жылы америкалық рок-музыкант, гитарист, "Metallica" тобының негізін салушылардың бірі Джеймс Алан Хэтфилд дүниеге келді.3 тамызда Қазақстанда кім туды1933 жылы химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Зейнолла Молдахметов дүниеге келді;1985 жылы әуесқой боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Жайлауов дүниеге келді.Ай күнтізбесіАй Бикеш белгісінде орналасады. Күн өте жайлы, сондықтан бұған дейін жоспарлаған істеріңізді батыл бастай беруіңізге болады. Белсенді еңбек ету үшін, әрі өміріңіздегі маңызды шешімдерді қабылдауға қолайлы уақыт.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1105/59/11055959_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_3066ee6a99357a7be36c64c8f9f74478.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер, танымал тұлғалар, атақты адамдар, күнтізбе
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер, танымал тұлғалар, атақты адамдар, күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 3 тамыз
Григориан күнтізбесі бойынша 213-ші күн, жыл соңына дейін 150 күн бар
3 тамызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
3 тамызда қандай қызықты оқиға болды
АҚШ-та бұл күні Ұлттық қарбыз күні тойланады. Америкалықтар үшін жидектің бұл түрі жазғы пикниктердің ажырамас бөлігі болып саналады. Жыл өткен сайын бұл мерекеге деген қызығушылық артып келеді.
Қарбыздың құрамындағы қанттың мөлшері бар болғаны - 6%, сондай-ақ қияр секілді 90% судан тұрады. Сондықтан диета ұстайтындар үшін қарбыз таптырмайтын тағам.
Бүгінде қарбыз өсіруден Қытай көш басында. Ал Жапония бұл жидектің сан алуан түрін шығарудан алдына жан салмайды. Жапондар төрт бұрышты қарбыз, пирамида пішініндегі қарбыз және диаметрі 10 см ғана кішкентай қарбыздар өсіреді. Ал ең ауыр қарбыз АҚШ-та өсірілген, оның салмағы - 122 кг.
Нигер Республикасы бүгін Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Сондай-ақ бүгін Канадада тағам күні аталып өтеді. Бұл күн қазір аспазшылардың кәсіби мейрамына айналған. Олар мереке күні тамақты тек отандық азық-түліктен әзірлейді.
3 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1942 жылы Христофор Колумб Үндістанның жағалауына жетіп, жаңа жерлерді ашу үшін Испаниядан үш кемемен шықты;
2005 жылы түркі сценарисі Сафа Онал экранға шыққан сценарийлер саны бойынша Гиннес рекордтар кітабына енді. Ол 395 сценарий жазған;
1778 жылы Италияда Миланда "Ла Скала" операсының ғимараты ашылды;
1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия Францияға соғыс жариялады;
1958 жылы Американың "Наутилиус" атомдық сүңгуір қайығы алғаш рет Солтүстік полюске су астымен жетті.
3 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1904 жылы ұзындығы 1668 км құрайтын Орынбор-Ташкент магистралінің құрылысы басталды;
1960 жылы Теміртаудағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды;
2001 жылы Қазақстанда Түркияның Бас штабының әскери-техникалық өкілдігі ашылды.
3 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
1903 жылы Тунистің алғашқы президенті Хабиб Бургиба дүниеге келді;
1905 жылы кеңес одағының радиохимигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Борис Курчатов дүниеге келді;
1959 жылы жапон ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты Коити Танака дүниеге келді;
1963 жылы америкалық рок-музыкант, гитарист, "Metallica" тобының негізін салушылардың бірі Джеймс Алан Хэтфилд дүниеге келді.
3 тамызда Қазақстанда кім туды
1933 жылы химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Зейнолла Молдахметов дүниеге келді;
1985 жылы әуесқой боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Жайлауов дүниеге келді.
Ай Бикеш белгісінде орналасады. Күн өте жайлы, сондықтан бұған дейін жоспарлаған істеріңізді батыл бастай беруіңізге болады. Белсенді еңбек ету үшін, әрі өміріңіздегі маңызды шешімдерді қабылдауға қолайлы уақыт.