https://sputnik.kz/20250803/abay-oblysynda-abay-quiz-respublikalyq-ziyatkerlik-oyyny-otti-56132657.html
Абай облысында 180 команда қатысқан "Абай QUIZ" республикалық зияткерлік ойыны өтті
Абай облысында 180 команда қатысқан "Абай QUIZ" республикалық зияткерлік ойыны өтті
Sputnik Қазақстан
Еліміздің 10 өңірінен 1000-нан астам жас қатысты 03.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-03T09:55+0500
2025-08-03T09:55+0500
2025-08-03T10:01+0500
абай облысы
жарыс
жастар
https://sputnik.kz/img/07e9/08/03/56132791_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_6fbcc4babe09701d7c18bceecd05cedb.jpg
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Семейде Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар аясында "Абай QUIZ" республикалық зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты – жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, Абай мұрасын заманауи форматта насихаттау. Білім додасына еліміздің 10 өңірінен 1 080 адам қатысты. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл және Абай облыстарынан 180 команда өзара бақ сынады. Сайыстың жалпы жүлде қоры 4,7 миллион теңге. Жарыс қорытындысы бойынша:Жеңімпаз командаға 1 миллион теңге берілді. Сонымен қатар, үздік өнер көрсеткен командаларға түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды.
https://sputnik.kz/20250726/qazaqstandyqtar-orys-tilinen-alem-chempionatynda-baq-synaydy-55959369.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/03/56132791_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_79c0a13f9ceb70b440629f8f91b102b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, жарыс, жастар
абай облысы, жарыс, жастар
Абай облысында 180 команда қатысқан "Абай QUIZ" республикалық зияткерлік ойыны өтті
09:55 03.08.2025 (жаңартылды: 10:01 03.08.2025) Еліміздің 10 өңірінен 1000-нан астам жас қатысты
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Семейде Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар аясында "Абай QUIZ" республикалық зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Мақсаты – жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, Абай мұрасын заманауи форматта насихаттау.
Білім додасына еліміздің 10 өңірінен 1 080 адам қатысты. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл және Абай облыстарынан 180 команда өзара бақ сынады.
"Зияткерлік сайыс 7 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде Абай мұрасы мен әр түрлі салаларға байланысты тақырыптар қамтылды. Ойын барысында қатысушылар ой ұшқырлығы мен білім деңгейін сарапқа салды", - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сайыстың жалпы жүлде қоры 4,7 миллион теңге. Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орынды "Brainstorm" (Астана);
2-орынды "Алматы Микс" (Алматы);
3-орынды "Тұрақсыз тіркестер" (Семей) командасы иеленді.
Жеңімпаз командаға 1 миллион теңге берілді. Сонымен қатар, үздік өнер көрсеткен командаларға түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды.