https://sputnik.kz/20250803/100-zhasynda-sportpen-aynalysyp-shakhmat-oynaydy-almatylyq-maydangerdi-askeriler-quttyqtady-56136821.html
100 жасында спортпен айналысып, шахмат ойнайды: алматылық майдангерді әскерилер құттықтады
100 жасында спортпен айналысып, шахмат ойнайды: алматылық майдангерді әскерилер құттықтады
Sputnik Қазақстан
Соғыс ардагері Владимир Белозеров небары 17 жасында майданға аттанған 03.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-03T18:50+0500
2025-08-03T18:50+0500
2025-08-03T18:50+0500
жеңістің 80 жылдығы
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/08/03/56135806_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_647e66252febb80743dd20d564a82341.jpg
Алматыда әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Белозеровты 100 жасқа толуымен құттықтады. Қорғаныс министрінің атынан ардагерге құттықтау хаты табысталып, әскери оркестр соғыс жылдарындағы әуендерді орындап, мерейтой иесіне ерекше әсер сыйлады.Владимир Дмитриевич 1925 жылы 3 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол теміржол училищесінде оқып жүрген. 1943 жылы, небары 17 жасында, әскер қатарына шақырылып, Барнауыл жаяу әскер училищесіне түскен. Алайда оқуын аяқтамай, майданға жіберіледі. Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Владимир Белозеров "Қызыл Жұлдыз" және екінші дәрежелі "Отан соғысы" ордендерімен марапатталған. Соғыстан кейін Мәскеу индустриалдық институтын тәмамдап, Алматыдағы құрылыс материалдары комбинатында цех бастығы болып ширек ғасырдан астам еңбек етті.Мерейтой иесі белсенді өмір сүреді, күнделікті денесін шынықтырып, жиі серуендеп, шахмат ойнайды.
https://sputnik.kz/20250729/qazaqstanda-nebari-96-sogys-ardageri-qaldy-56004950.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/03/56135806_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_32d8a82fbd45397074b085071a317dde.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соғыс ардагері
100 жасында спортпен айналысып, шахмат ойнайды: алматылық майдангерді әскерилер құттықтады
Соғыс ардагері Владимир Белозеров небары 17 жасында майданға аттанған
Алматыда әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Белозеровты 100 жасқа толуымен
құттықтады.
Қорғаныс министрінің атынан ардагерге құттықтау хаты табысталып, әскери оркестр соғыс жылдарындағы әуендерді орындап, мерейтой иесіне ерекше әсер сыйлады.
Владимир Дмитриевич 1925 жылы 3 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол теміржол училищесінде оқып жүрген. 1943 жылы, небары 17 жасында, әскер қатарына шақырылып, Барнауыл жаяу әскер училищесіне түскен. Алайда оқуын аяқтамай, майданға жіберіледі.
"Ол 3-ші Украин майданының 92-гвардиялық дивизиясына қарасты 280-атқыштар полкінің құрамында шайқасты. Алғашқы ұрыстарын Украина жерінде бастан кешіріп, ең ауыр сынақтардың бірі – Днепр өзенінен өту кезінде басынан ауыр жарақат алған. Ұзақ емделуден кейін денсаулығына байланысты әскерден босатылады", деп жазды министрлік.
Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Владимир Белозеров "Қызыл Жұлдыз" және екінші дәрежелі "Отан соғысы" ордендерімен марапатталған. Соғыстан кейін Мәскеу индустриалдық институтын тәмамдап, Алматыдағы құрылыс материалдары комбинатында цех бастығы болып ширек ғасырдан астам еңбек етті.
Мерейтой иесі белсенді өмір сүреді, күнделікті денесін шынықтырып, жиі серуендеп, шахмат ойнайды.