Тараз тұрғыны пәтер алу үшін өзін мемлекеттік қызметкер ретінде көрсеткен

© Photo : акимат Жетысуской области Баспана кілті
Баспана кілті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2025
Жазылу
Осы алаяқтық әрекеттің арқасында ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз екі бөлмелі пәтер алған
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Тараз қаласының тұрғыны жалған құжаттар ресімдеу арқылы мемлекеттен заңсыз пәтер алған, деп хабарлады бас прокуратура.
Бұл факті тұрғын үй қатынастары бөлімінде тұрғын үй заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесінде анықталған.
Әйел жалған анықтама ұсыну арқылы өзін мемлекеттік қызметші ретінде көрсеткен. Нәтижесінде ол Тараз қаласындағы "Ұлы Дала" шағын ауданынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз екі бөлмелі пәтер алған.
Сот-сараптамалық зерттеуінің қорытындысына сәйкес ұсынылған анықтаманың жалған екені белгілі болды.
Прокуратураның нұсқауымен, аталған алаяқтық фактісі бойынша полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қазіргі уақытта аталған жылжымайтын мүлікті мемлекет қорына қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол кейіннен тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға беріледі.
Ақтөбе облысында 12 баласы бар отбасыға баспана берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Ақтөбе облысында 17 жылда 12 баланы дүниеге әкелген отбасыға баспана берілді
Жаңалықтар
0