https://sputnik.kz/20250802/dzhennifer-lopestin-kontserti-kezinde-birneshe-bala-zhogaldy-56124604.html
Дженнифер Лопестің концерті кезінде бірнеше бала жоғалды
Дженнифер Лопестің концерті кезінде бірнеше бала жоғалды
Sputnik Қазақстан
Полицейлер дереу жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына тапсырды 02.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-02T18:49+0500
2025-08-02T18:49+0500
2025-08-02T18:49+0500
дженнифер лопес
астана
концерт
жоғалып кеткен бала
https://sputnik.kz/img/07e9/04/08/52305374_0:0:3059:1722_1920x0_80_0_0_bc48ed37d78d15f5f18948cdc97eeecb.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті кезінде бірнеше бала жоғалып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полиция қызметкерлері дереу жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына тапсырды. Сондай-ақ жоғалған заттар иелеріне қайтарылды. Туристік полиция шетелдік қонақтарға бағыт-бағдар беріп, көмектесті.Қала бойынша 100-ге жуық автобус бес негізгі нүктеден"Астана Арена" стадионына қатынады. Бұл жолдағы кептелісті азайтуға көмектесті.Қауіпсіздік үшін турникеттер, бейнебақылау, металл іздегіштер мен рентген құрылғылары орнатылды.Еске сала кетейік, кеше Астанада Дженнифер Лопестің концерті өтті, оған мыңдаған жанкүйер жиналды. Әнші сахнада ерекше энергиясымен, танымал хиттерімен және әсерлі биімен көрерменді баурап алды.
https://sputnik.kz/20250801/dzhennifer-lopes-astanaga-ushyp-keldi-56087834.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/08/52305374_328:0:3059:2048_1920x0_80_0_0_67b31bbdbe2cef565c9bfe132f6dd57b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дженнифер лопес, астана, концерт, жоғалып кеткен бала
дженнифер лопес, астана, концерт, жоғалып кеткен бала
Дженнифер Лопестің концерті кезінде бірнеше бала жоғалды
Полицейлер дереу жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына тапсырды
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті кезінде бірнеше бала жоғалып кеткен, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері дереу жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына тапсырды. Сондай-ақ жоғалған заттар иелеріне қайтарылды. Туристік полиция шетелдік қонақтарға бағыт-бағдар беріп, көмектесті.
"Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері мен ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Қала бойынша 100-ге жуық автобус бес негізгі нүктеден"Астана Арена" стадионына қатынады. Бұл жолдағы кептелісті азайтуға көмектесті.
Қауіпсіздік үшін турникеттер, бейнебақылау, металл іздегіштер мен рентген құрылғылары орнатылды.
Еске сала кетейік, кеше Астанада Дженнифер Лопестің концерті өтті, оған мыңдаған жанкүйер жиналды. Әнші сахнада ерекше энергиясымен, танымал хиттерімен және әсерлі биімен көрерменді баурап алды.