Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Беларусь пен Түркия Украинаға қатысты келіссөз бойынша пікір алмасып тұрады

© Sputnik / Медиабанкке өтуГорода мира. Минск
Города мира. Минск - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Беларусь пен Түркия Украинадағы қақтығысты реттеу тақырыбы бойынша байланыс орнатқан, деп хабарлады Беларусьтың Түркиядағы елшісі Анатолий Глаз.

"Түркия мен Беларусьтың аумағында қарсы тараптар келіссөз жүргізді. Біз түрік серіктестерімізге бұл процесті ұйымдастыру және қолдау қаншалықты қиын екенін түсінеміз. Әлбетте түрік әріптестерімізбен, Түркия Сыртқы істер министрлігімен сөйлесіп тұрамыз, біз кейбір жайттардың бүге-шігесіне дейін білеміз. Сондықтан оларды жақсы түсінеміз", - деді Глаз "Беларусь 1" телеарнасында көрсетілген сұхбатта.

Ол кейбір тараптардың келіссөз алаңын ауыстыру туралы мәлімдеме жасағанын атап өтті.
"Бұл сөздер терең ойластырылуға тиіс. Мұнда ең маңыздысы – процесті үзбеу", - деп атап өтті Глаз.
Беларусь дипломаты келіссөздер нәтиже беріп жатқанын айтты.
"Гуманитарлық сала бойынша әрбір кезеңде белгілі бір нәтиже болды, Беларусь оған атсалысып отыр (Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасу Беларусь аумағында өтіп жатыр – ред.)... Оған да шүкір, өйткені бұл адам тағдыры. Осы қозғалыс кезең-кезеңімен алға жылжи берсін деп тілейік", - деп толықтырды Глаз.
Ол 2022 жылы Беларусь аумағында келіссөздің үш кезеңі өткенін, Сыртқы істер министрлігі негізгі ұйымдастырушы болғанын еске салды.
"Яғни, бұл мемлекет басшысының (Беларусь – ред.) атынан жасалған қуатты командалық жұмыс болды. Мемлекет басшысы Украина делегациясын алғаш рет келуге көндіргені ешкімге құпия емес... Белгілі бір жетістік болды. Үш кезеңнің нәтижесінде біз келісім жобасына тоқтадық, одан кейін Ыстанбұлда одан әрі талқыланды. Жақсы құжат болды. Ол құжатта аумақтық мәселе жоқ-тұғын... Қол қоюға дайын еді. Оның сол сәтте бекітілмей, белгілі бір уақыттың жоғалғаны өкінішті", - деді Глаз.
Жаңалықтар
0