Астанада жоғалған әйел батпақтан шыға алмай тұрған жерінен табылды

© Photo : Polisia.kzАстанада полицейлер батпаққа батып қалған әйелді құтқарды
Астанада полицейлер батпаққа батып қалған әйелді құтқарды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2025
Жазылу
Қала сыртында әйел танысымен сөзге келіп, ол жерден жаяу кетіп қалған
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Астанада полицейлер батпаққа батып қалған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға жергілікті тұрғын қоңырау шалып, өзінің 33 жастағы әпкесі жоғалып кеткенін хабарлаған. Айтуынша, әпкесі танысымен бірге қала сыртында демалуға кеткен және бір тәуліктен бері үйіне оралмаған. Жоғалған әйелді іздеу бойынша бағдар барша полиция бөлімшесіне дереу жолданды.
"Таза ауада демалып отырған сәтте әйел танысымен сөзге келіп, ол жерден жаяу кетіп қалған. Кейін түнгі 11-ден кейін оның телефоны сөндірулі болған", - деп жазылған хабарламада.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мен Ақмола облысы ТЖД мамандары бір тәуліктен соң жоғалған әйелді тапты.
"Ол беліне дейін батпаққа батып қалған. Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырып, қызды лайдан шығарып алған соң, дәрігерлерге тапсырды", - дейді полиция.
Жаңалықтар
0