Зейнетақы жинағының қанша пайызы доллармен жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинЛоготип Единого накопительного пенсионного фонда
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2025
Жазылу
Шетел валютасының үлесі 40%-дан асуына байланысты тамызда доллар сатып алу жоспарланып отырған жоқ
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк шілдеде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін шетел валютасына ауыстырып қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық банктің қазіргі мақсаты – зейнетақы активтеріндегі шетелдік валютаның үлесін ұзақ мерзімді кезеңде кемінде 40% деңгейінде ұстап тұру.
"Осы мақсатта банк шілде айында биржа сауда-саттығында шетел валютасын сатып алды, оның жалпы сомасы 35 млн АҚШ долларын немесе жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 0,6%-ын құрады. Қазіргі бағам бойынша БЖЗҚ-да шетелдік валюта үлесі 40%-дан асып тұр, соған байланысты тамыз айында БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен валюта сатып алу жоспарланып отырған жоқ", - делінген банк мәлімдемесінде.
Айта кетері, БЖЗҚ қаражатына ұлттық банк жауапты. 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы жинағының жалпы көлемі 24 трлн теңгеден асты.
Есеп пен калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Қазақстандықтар баспана алуға және емделуге зейнетақы қорынан қанша ақша жұмсады
Жаңалықтар
0