Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлады – ата-анасы жауапқа тартылды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуФутбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2025
Жазылу
Ойын алаңын ауыл тұрғындарының өздері жасаған
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында алты жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға 31 ш ілде күні Жертұмсық ауылында болған. Футбол кезінде баланың үстіне бекітілмеген металл қақпа құлаған. Ойын алаңын ауыл тұрғындарының өздері жасаған. Сол себепті алаң да, қақпа да белгілі бір мекеменің балансында болмаған.
"Полиция аудан әкімінің атына осы оқиғаның орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, оның ішінде ауыл балаларына ойын үшін қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін футбол алаңын ұйымдастыру туралы нұсқама жолдады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін футбол ойнау кезінде жарақат алған жас баланың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді тәртіп сақшылары.
Денсаулық басқармасының мәліметінше, бала жабық бас-ми жарақатын алған және ми шайқалған. Қазіргі кезде баланың жағдайы қанағаттанарлық. Ол қажетті ем алып жатыр.
Айта кетері, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-аналарға және заңды өкілдеріне 10 АЕК (2025 жылда – 39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2025
"Ата-анасы да етжеңді адамдар": Дәрігерлер Қордайда туған алып нәресте туралы айтты
Жаңалықтар
0