Биыл шегірткемен күреске екі есе көп адам тартылды – министрлік

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуШегіртке
Шегіртке - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2025
Жазылу
Бұл шаралар 2,7 млн гектарды қамтыды
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткеге қарсы шаралар бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдиннің айтуынша, барлық өңірінде шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл шаралар 2,7 млн гектарды қамтыды.

"Биылғы зерттеу жұмыстарына 3652 адам тартылды, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда екі есеге артық. Зерттеушілер санының артуы мониторинг жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізуге мүмкіндік берді", - деді Сақмолдин орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Республика бойынша шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары кезінде 443 бірлік арнайы техника - 239 жер үсті бүріккіштер, 100 газогенератор, 24 жеңіл ұшақ мен 49 агродрон қолданылды.
"Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы өңдеу шараларына биологиялық тиімділігі жоғары препараттар қолданылды. Сондай-ақ, Қытай, Ресей, Өзбекстан сынды көршілес мемлекеттермен екі жақты келісімдер аясында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғау шараларын жүргізу бойынша бірлескен зерттеулер, онлайн-кеңестер және шегірткенің таралуы жөнінде ақпарат алмасу жүйелі түрде жүргізілді", - деп атап көрсетті комитеті төрағасының орынбасары.
Жаңалықтар
0