"Бір жазда 20 отбасы көшіп кетті": Алматы облысындағы ауылдың жағдайы мүшкіл (ФОТО)

© Sputnik / Айдана Дайырова
Жазылу
Екі қолға бір күрек таппай, сенделіп жүрген адам көп
АЛМАТЫ, 1 тамыз – Sputnik. Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Сарыжаз ауылында әлеуметтік жағдай тұрақсыз. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне ауыл тұрғындары айтты.

Алматы облысындағы Сарыжаз ауылы
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Таулы аймақта күн салқын болады. Ауылда 8-9 ай от жағамыз. Ары кетсе 2-3 ай ғана от жақпаймыз. Көмірді Ойқарағайдан әкелеміз, бір қыста 10 тонна көмір жағамыз, бағасы қымбаттап барады. Жастар қалмады, бір жазда 20 отбасы көшіп кетті", - дейді Күләш Меденова.
Кезінде 7 мың тұрғыны болған Сарыжаздың тең жартысы ауылдан безіп, қала жағалап кеткен. Үй біткен шетінен қаңырап қалуда.
"Таудан аққан суды ішіп отырмыз, сүзгі жоқ. Көктем бойы лай су ішеміз. Не мәдениет үйі жоқ. Жаңадан жасаймыз деп ескі мәдениет үйін бұзып тастаған. Сол күйі салынбады", - дейді Қайрат есімді тұрғын.

Сарыжаз ауылындағы бұзылған мәдениет үйінің орны
© Sputnik / Айдана Дайырова
Екі қолға бір күрек таппай, сенделіп жүрген адам көп, шалғайда жатып, биліктің назарынан тыс қалдық, дейді ауылдықтар.
Айтпақшы, Сарыжазда дамба салу жұмысы да тұралап тұр.
"Қабанды өзенінің басында салынып жатқан дамбаның құрылысы аяқталмады. Жұмыс жақсы жүрмей жатыр", - кәсіпкер Болатжан Жанасыл.
Ауыз су демекші, Нарынқол ауданының бұрынғы әкімі ауыз сумен қамтуға уәде беріпті. Бірақ ол ауысып кетіп, істің басы ашық қалған.

Алматы облысындағы Сарыжаз ауылы
© Sputnik / Айдана Дайырова
Журналистер мәселенің мән-жайын ауыл әкімінен сұрады.
"Дамбаны осы тамызда беру керек еді, бірақ уақыты өтіп кетті. Әлі бітіре алмай жатыр. Облыстық маслихат хатшысы, құрылыс басқармасы, парламент депутаты Жүргенбаев та келіп көріп кеткен. Кеңес үкіметі кезіндегі дамбаны жаңаласа, 1200 гектар егіс алқабы су ішеді", - дейді Сарыжаз ауылының әкімі Сайлаубек Жетпісбаев.
Ал мәдениет үйін салуға ақша жоқ. Жергілікті әкімдік бар құжатын дайындап қойған.
"Жердің мемлекеттік актісі, жобалық-сметалық құжаты – бәрі дайын. Шамамен 230 млн теңгедей қаражат керек. Бірақ облыста ақша жоқ деп отыр", - дейді әкім.
Газ мәселесі де шешілмеген. Жылы жабылып қала беретін көрінеді. Сарыжаз теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан. Алыстағы ауыл тұрмақ, қалағы газ жетпей жатыр, дейді әкімдік.

1/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Сарыжаз ауылы

2/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Сарыжаз ауылы

3/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Сарыжаз ауылы

4/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Сарыжаз ауылы
1/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Сарыжаз ауылы
2/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Сарыжаз ауылы
3/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Сарыжаз ауылы
4/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Сарыжаз ауылы
Қазіргі уақытта Сарыжазда негізінен зейнет жасындағы адамдар тұрып жатыр. Ауылдағы жағдайға назар аудармаса, шекарада орналасқан ауылға жойылып кету қаупі төнген.
