https://sputnik.kz/20250801/ar-balaga---46-228-tenge-500-myn-adamnyn-esepshotyna-aqsha-tusedi-56107517.html
Әр балаға - 46 228 теңге: 500 мың адамның есепшотына ақша түседі
Әр балаға - 46 228 теңге: 500 мың адамның есепшотына ақша түседі
Sputnik Қазақстан
Жалпы аударылатын қаражат көлемі 22,2 млрд теңгені құрайды 01.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-01T17:09+0500
2025-08-01T17:09+0500
2025-08-01T17:10+0500
мектеп
қаражат
https://sputnik.kz/img/987/06/9870651_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_d8376133ebc1ce6fb4c84adb3483dfff.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік осал отбасылардың балаларын мемлекет есебінен мектепке дайындау шаралары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оқу-ағарту министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, биыл жаңа оқу жылы қарсаңында 500 мыңнан астам адамға - жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына қаржылай көмек беріледі.Министрлік хабарлауынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да назардан тыс қалмайды.Жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-аналардың есепшоттарына әрбір бала үшін 46 228 теңге аударылады. Осы ақшаға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алуға мүмкіндік болады.Айта кетері, былтыр да 500 мыңнан астам баланың ата-анасына 22,2 млрд теңге аударылды. Сол кезде әрбір балаға 45 мың теңгеден шыққан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/987/06/9870651_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_2cfd3f87800e65a7cf9110bba33510b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, қаражат
Әр балаға - 46 228 теңге: 500 мың адамның есепшотына ақша түседі
17:09 01.08.2025 (жаңартылды: 17:10 01.08.2025) Жалпы аударылатын қаражат көлемі 22,2 млрд теңгені құрайды
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік осал отбасылардың балаларын мемлекет есебінен мектепке дайындау шаралары басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Оқу-ағарту министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, биыл жаңа оқу жылы қарсаңында 500 мыңнан астам адамға - жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына қаржылай көмек беріледі.
Министрлік хабарлауынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да назардан тыс қалмайды.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-аналардың есепшоттарына әрбір бала үшін 46 228 теңге аударылады. Осы ақшаға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алуға мүмкіндік болады.
Айта кетері, былтыр да 500 мыңнан астам баланың ата-анасына 22,2 млрд теңге аударылды. Сол кезде әрбір балаға 45 мың теңгеден шыққан.