https://sputnik.kz/20250801/11-zhastagy-qyzdyn-beti-men-ayaq-qolyn-kuydirgen-balalardyn-areketi-sotta-qaraldy-56094394.html
11 жастағы қыздың беті мен аяқ-қолын күйдірген балалардың әрекеті сотта қаралды
11 жастағы қыздың беті мен аяқ-қолын күйдірген балалардың әрекеті сотта қаралды
Sputnik Қазақстан
Сот шешімімен екі қыздың ата-анасына өз міндетін орындамағаны үшін айыппұл салынды 01.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-01T13:26+0500
2025-08-01T13:26+0500
2025-08-01T13:26+0500
сот шешімі
сот үкімі
ұсақ бұзақылық
ата-ана
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Лисаков қалалық соты екі баланың ата-анасынан 1 млн теңге көлемінде өтемақы өндіріп алуға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл оқиға биыл сәуір айында болған. 6-сыныптың екі оқушысы пәтерде тамақ дайындауға арналған металл қалақты газ плитасына қыздырып, өздерінен бір жас кіші қыздың ұйықтап жатқанын көрсе де, сол жақ бетін, оң аяғын және сол қолын күйдірген. Бала дене жарақатын алып, моральдық тұрғыда зардап шекті.Сот шешімімен екі қыздың ата-анасына өз міндетін орындамағаны үшін айыппұл салынды. Бұдан бөлек, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін олардан өтемақы өндіріп алуға шешім шығарылды.Сондай-ақ алдағы уақытта зардап шеккен балаға косметикалық процедуралар және басқа да емдеу шаралары жасалса, оған кететін шығынды өтеу үшін сотқа жүгінуге болады.
https://sputnik.kz/20240520/mektep-oqushylary-ozinen-bir-zhas-kishi-balany-uryp-oltirdi-44413118.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот шешімі, сот үкімі, ұсақ бұзақылық, ата-ана
сот шешімі, сот үкімі, ұсақ бұзақылық, ата-ана
11 жастағы қыздың беті мен аяқ-қолын күйдірген балалардың әрекеті сотта қаралды
Сот шешімімен екі қыздың ата-анасына өз міндетін орындамағаны үшін айыппұл салынды
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Лисаков қалалық соты екі баланың ата-анасынан 1 млн теңге көлемінде өтемақы өндіріп алуға үкім шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұл оқиға биыл сәуір айында болған. 6-сыныптың екі оқушысы пәтерде тамақ дайындауға арналған металл қалақты газ плитасына қыздырып, өздерінен бір жас кіші қыздың ұйықтап жатқанын көрсе де, сол жақ бетін, оң аяғын және сол қолын күйдірген. Бала дене жарақатын алып, моральдық тұрғыда зардап шекті.
Сот шешімімен екі қыздың ата-анасына өз міндетін орындамағаны үшін айыппұл салынды. Бұдан бөлек, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін олардан өтемақы өндіріп алуға шешім шығарылды.
"Азаматтық істі қарау нәтижесінде талапкердің моральдық зиянды өтеу туралы талабы ішінара қанағаттандырылды. Жауапкерлердің әрқайсынан 500 000 теңгеден – жалпы сомасы 1 000 000 теңге мөлшерінде өтемақы үлестік тәртіппен өндіріледі", - делінген сот үкімінде.
Сондай-ақ алдағы уақытта зардап шеккен балаға косметикалық процедуралар және басқа да емдеу шаралары жасалса, оған кететін шығынды өтеу үшін сотқа жүгінуге болады.