Семей мен Өскемендегі ЖЭО-ларды да өзіміз саламыз – Скляр

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Токаев на ТЭЦ-3 в Астане
Токаев на ТЭЦ-3 в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2025
Жазылу
Қазір Көкшетаудағы ЖЭО-ның құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Семей мен Өскемендегі жылу электр орталықтарын Қазақстан өзі салатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Көкшетау, Семей мен Өскеменде жаңа жылу электр орталықтарын ресейлік "Интер РАО" компаниясының жеңілдетілген кредиті есебінен салу жоспарланған.
"Өкінішке қарай, олар соны істей алмады. Сондықтан өз күшімізбен салуға шешім қабылданды. Қазір Көкшетаудағы ЖЭО-ның құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тапсырыс беруші – "Самұрық-Энерго" компаниясы. Семей мен Өскемендегі станциялар да солай салынады. Бірақ ресейлік әріптестеріміздің тарапынан қаржыландыру бойынша ұсыныстар түсіп жатса, онда "Самұрық-Энерго" оларлы серіктес ретінде тарта алады. Ол жағынан ешқандай кедергі жоқ", - деді Скляр үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, жаңадан салынатын жылу электр орталықтарының тарифі қазіргі деңгейден жоғары болмауы қажет. Бұл – басты талап.
Президент елордадағы үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегінің қызметімен танысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2025
Тоқаев Астанадағы жаңа үшінші жылу электр орталығын аралап көрді
Жаңалықтар
0