https://sputnik.kz/20250731/qazaqstanda-qogamdyq-tamaqtanu-qyzmetteri-bir-zhylda-13-ke-qymbattady-56040775.html
Қазақстанда қоғамдық тамақтану қызметтері бір жылда 13%-ке қымбаттады
Қазақстанда қоғамдық тамақтану қызметтері бір жылда 13%-ке қымбаттады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Қоғамдық орындарға барып ас ішу құны қымбаттады. Ұлттық статистика бюросы бұл қызметтің бір жылда 13%-ке қымбаттағанын мәлімдеді... 31.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-31T08:00+0500
2025-07-31T08:00+0500
2025-07-31T08:00+0500
тамақ өнімдері
тамақ
қымбатшылық
мейрамхана
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23497499_0:0:2550:1435_1920x0_80_0_0_3e86538929689a3561b4fe9d3b3cb4f2.jpg
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Қоғамдық орындарға барып ас ішу құны қымбаттады. Ұлттық статистика бюросы бұл қызметтің бір жылда 13%-ке қымбаттағанын мәлімдеді, деп хабарлады Finprom.kz.Маусым айында асханаларда түскі ас 2,2%-ке қымбаттаса, мейрамханаға бару 2,1%, ал фаст-фуд бағасы 1,7%-ке көтерілді.Әсіресе, Астанада тамақтану қызметтерінің бағасы бір айдың ішінде 4,3%-ке өскен. Керісінше Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарында баға сәл ғана көтерілген.Жылдық динамикаға келетін болсақ, ең жоғары өсім Қарағанды облысында тіркелді, онда бағалар бірден 23%-ке қымбаттады.ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы мейрамханалар мен кафелер қызметінің құны орта деңгейде. ТМД-ның он елінің рейтингінде Қазақстан McDonald's мейрамханасындағы McMeal тамақ жиынтығы және арзан мейрамханада түскі ас құны бойынша бесінші орынды, ал орташа баға санатындағы мекемеде екі адамға арналған түскі ас бағасы бойынша үшінші орында тұр.Mcmeal және арзан мейрамханалардағы тағамдардың ең төменгі бағасы Өзбекстанда, ал орта санаттағы мейрамханада екі адамға арналған ең қолжетімді түскі ас Тәжікстанда тіркелген.
https://sputnik.kz/20250701/qazaqstanda-qanday-azyq-tulik-tauarlary-qymbattady-55286143.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23497499_0:0:2550:1913_1920x0_80_0_0_e1b0497c6dcf4ebfc9227ee26d603271.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тамақ өнімдері, тамақ, қымбатшылық, мейрамхана
тамақ өнімдері, тамақ, қымбатшылық, мейрамхана
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Қоғамдық орындарға барып ас ішу құны қымбаттады. Ұлттық статистика бюросы бұл қызметтің бір жылда 13%-ке қымбаттағанын мәлімдеді, деп хабарлады
Finprom.kz. Маусым айында асханаларда түскі ас 2,2%-ке қымбаттаса, мейрамханаға бару 2,1%, ал фаст-фуд бағасы 1,7%-ке көтерілді.
Әсіресе, Астанада тамақтану қызметтерінің бағасы бір айдың ішінде 4,3%-ке өскен. Керісінше Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарында баға сәл ғана көтерілген.
Жылдық динамикаға келетін болсақ, ең жоғары өсім Қарағанды облысында тіркелді, онда бағалар бірден 23%-ке қымбаттады.
ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы мейрамханалар мен кафелер қызметінің құны орта деңгейде. ТМД-ның он елінің рейтингінде Қазақстан McDonald's мейрамханасындағы McMeal тамақ жиынтығы және арзан мейрамханада түскі ас құны бойынша бесінші орынды, ал орташа баға санатындағы мекемеде екі адамға арналған түскі ас бағасы бойынша үшінші орында тұр.
Mcmeal және арзан мейрамханалардағы тағамдардың ең төменгі бағасы Өзбекстанда, ал орта санаттағы мейрамханада екі адамға арналған ең қолжетімді түскі ас Тәжікстанда тіркелген.