Мешітте ер адам қыз балаға әдепсіз сөздер айтты: мүфтият мәлімдеме жасады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы мешіт
Астанадағы мешіт - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2025
Жазылу
Әлеуметтік желіде "Нұр ғасыр" мешітінің шығаберісінде түсірілген видео тарады
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбе қаласындағы мешіт ауласында болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде "Нұр ғасыр" мешітінің шығаберісінде түсірілген видео тараған болатын. Сақалы бар ер адам қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөз айтқан. Сол үшін соттың шешімімен бес тәулікке қамауға алынды.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаға қатысты түрлі пікірлер әлі де таралып жатыр. Осыған байланысты мүфтият өз мәлімдемесін таратты.
"Мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы. Онда келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі оқиғада қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. Өйткені мұндай әрекет мұсылмандыққа жат, әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес", - дейді мүфтият мамандары.
Діни басқарма жамағатты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттерге ермеуге де үндеп отыр.
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Жаңаөзенде мешіт өртеніп, 11 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті
Жаңалықтар
0