"Кәсіпкерлер кезекте тұр": министр бизнес үшін тиімді бағытты атады

© Sputnik / Тимур БатыршинМусоросортировочный завод
Мусоросортировочный завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2025
Жазылу
Биыл қоқыс өңдеу саласында 67 жобаны іске асыру жоспарланып отыр
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бизнес үшін тиімді бағытты атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 4,5 млн тонна тұрмыстық қалдықтар жиналады. Бірақ оның 25,8 проценті ғана өңделеді. Алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті 40 процентке дейін көтеру керек.
"Бұл көрсеткішке жететінімізге еш күмәніміз жоқ. Себебі қыруар ақша салынып жатыр. Сосын біз қоқыс жинайтындарға, көлікпен алып кететіндерге және өңдейтіндерге субсидия беріп отырмыз. Атап айтқанда, утильалымның есебінен 3 процентпен 15 жылға қаражат қарастырылған. Екі жылдық каникул да бар. Бүгінде кәсіпкерлер тіпті кезекке тұрып жатыр. Бизнес тарапынан қызығушылық бар", -деді Нысанбаев үкіметте өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, биыл 67 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның арқасында әрбір өңірде қоқысты өңдеу зауыты ашылады. Тұрмыстық қалдықтарды шығару және сұрыптау шығындары да бар.
Жаңалықтар
0