Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинада бейбітшілік орнатудың соңғы мерзімін белгіледі

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАҚШ-тағы Ақ үй
АҚШ-тағы Ақ үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2025
Жазылу
АҚШ бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты 8 тамызға дейін реттегісі келеді, деп хабарлады РИА Новости Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Джон Келлидің сөзіне сүйене отырып ақпарат таратқан.
"Ресей де, Украина да атысты тоқтату және тұрақты бейбітшілік туралы келісімге келуі керек. Келісім жасау ендігі уақыты келді. Президент Трамп мұны 8 тамызға дейін жасау керектігін айтты", - деді ол.
Саясаткер АҚШ бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.
14 шілдеде АҚШ президенті Мәскеуге Киевпен бейбіт келісімге келуді талап етіп ультиматум қойды. Шарттарды орындамаған жағдайда мұнай, газ және басқа да энергетикалық ресурстарды сатып алатын елдерге екінші реттік баж салығымен бірге ресейлік тауарлардың импортына 100 пайыздық тарифтер енгіземіз деп қорқытты.
Бұл ретте Дональд Трамп АҚШ пен Еуроодақ Киевке америкалық қару-жарақ жіберуге келіскенін, шығын Еуропа есебінен болатынын хабарлады. Алдағы жеткізілімдер тек зымырандарды емес, Patriot батареяларын қамтиды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтқандай, бұл мәлімдемелер өте маңызды, Мәскеуге талдау жүргізуге уақыт керек. Оның айтуынша, Владимир Путин қажет деп тапса, Трамптың сөздеріне түсініктеме береді.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинаға қатысты ультиматум шарттарын қатаңдатуы мүмкін
Жаңалықтар
0