https://sputnik.kz/20250730/qostanay-oblysynda-zhas-zhigit-studentterden-1-mln-tenge-zhinap-algan-56034447.html
Қостанай облысында жас жігіт студенттерден 1 млн теңге жинап алған
Қостанай облысында жас жігіт студенттерден 1 млн теңге жинап алған
Sputnik Қазақстан
Ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 30.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-30T11:16+0500
2025-07-30T11:16+0500
2025-07-30T11:16+0500
қостанай облысы
студенттер
бопсалау
ақша бопсалау
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қостанай облысында 22 жастағы жігіт екі студенттен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетіп, күш қолданамын деп қорқытқан. Соның салдарынан зардап шеккендер оған 1 миллион теңгеден астам қаражат берген.Қазақстан Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес, оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін.Тергеу жалғасып жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да бопсалау деректеріне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
https://sputnik.kz/20250609/qarumen-qorqytyp-10-mln-tenge-bopsalagan--astanada-uyymdasqan-qylmystyq-top-ustaldy-54418228.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, студенттер, бопсалау, ақша бопсалау
қостанай облысы, студенттер, бопсалау, ақша бопсалау
Қостанай облысында жас жігіт студенттерден 1 млн теңге жинап алған
Ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қостанай облысында 22 жастағы жігіт екі студенттен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қостанай қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ол екі студенттен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетіп, күш қолданамын деп қорқытқан. Соның салдарынан зардап шеккендер оған 1 миллион теңгеден астам қаражат берген.
"Қазіргі таңда күдіктіге тұрғылықты жерден шықпау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді полицейлер.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес, оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін.
Тергеу жалғасып жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да бопсалау деректеріне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.